Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің 2022 жылғы қаңтар-ақпан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес,«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ директорының 17.01.2022жылғы  № 9бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылды. Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

  • Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің айқындайтын нормативтік – құқықтықактілер;
  • Мектепке қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
  • Мектепке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  • Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтерсыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің  мұғалімдер саны:72,қызметкерлер саны: 37.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мектеп ұжымы қызметінде Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілер басшылыққа алып қарастырылды.

       Мектебіміз 11 (он бір)  түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну;
  • Мемлекеттік білім бері мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;
  • Мектеп алды даярлық және шағын топқа 3,4,5 жастағы балаларды қабылдау;
  • Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру;
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
  • Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланыстыт ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру;
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға модератор біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттауданөткізуге құжаттарды қабылдау;
  • Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету;Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің уақытынан кешіктірліп орындалғаны болған жоқ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат ай сайын білім бөліміне беріліп отырады.Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі мемлеткеттік мекемесіне келіп түскен өтініштер саны - 9. Оның ішінде заңды тұлғадан – 0,  жеке тұлғалардан – 1 өтініш келіп түсті.
  • Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстарын саралау;
  • «Мектепке жол», Қайырымдылық акцияларының жүзеге асырылуы,орындалысы;
  • Мектепішілік мәдени- танымдық шаралардың орындалысы,аудандық,облыстық,республикалық байқауларға қатысу рейтингісі;

Бұқаралық ақпарат құралдарында мектептің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ. Білім бөліміне бөлінген бюджет  қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық түрде өткізіледі. Есептік кезеңде мекеме қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқықбұзушылық орын алған жоқ.Ш.Т.Еркінов атындағы қазақ орта мектебі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқықбұзушылық орын алған жоқ.

Топ басшысы:                                                          С.Казиева

Топ мүшелері:                                                         М.Үмбетбаева

                                                                                    М.Қуат

                                                                                   Л.Байнияз

   Топ хатшысы:                                                      Г.Шайгалиева

 

 

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің 2022 жылғы қаңтар-ақпан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
05 марта 2022