2022 жылғы 18 ақпанда Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2022 жылғы 13 наурызға тағайындалған Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат Адилов Утепберген Калыбаевичтің («NurOtan» партиясынан) құжаттары ұсынылды.
2022 жылғы 18 ақпанда Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2022 жылғы 13наурызға тағайындалған Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат Козбаков Туреш Орынбасаровичтің («NurOtan» партиясынан)құжаттары ұсынылды.
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қызылқоға ауданы Сағыз,Тайсойған ауылдық округтері әкімдерін сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2022 жылғы 13наурызға тағайындалған Қызылқоға ауданы Сағыз ,Тайсойған ауылдық округтері әкімдерінің сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 12ақпан мен 25ақпан аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.