Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Қызылқоға ауданы

Сағыз ауылдық округінің әкіміне

кандидатМ.Б.Куптлеуовті

тіркеуден бас тарту туралы

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 - бабы 11-тармағының, 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2022 жылғы 1 наурыздағы №6-01/687 хаты негізінде Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округінің әкіміне Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясынан ұсынылған кандидат Куптлеуов Мурат Баянкуловичті тіркеуден бас тартылсын.
  2. Осы қаулы кандидат М.Б.Куптлеуовтың назарына жеткізілсін.
  3. Осы қаулы Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Қызылқоға» газетінде жариялансын.

 

 

Қызылқоға аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

төрағасы                                      М. Муканов

 

Қызылқоға аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

хатшысы                                        А. Имашев

 

 

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
02 марта 2022