Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі (әрі қарай-Бөлім) басшысының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:
1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) Прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.
Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің штаттық құрылымы – 9.
Атап айтқанда басшысы, 3 бас маман, статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маман, мұрағатшы, әдіскер маман, басшының хатшысы, курерь, автокөлік жүргізуші.
Есепті мерзімде бөлім басшысының 11 бұйрық шығарылып, 11 аудан әкімдігі қаулысының жобасы дайындалып әкімдіктің қарауына ұсынылып, қабылданды. Шығарылған бұйрықтар мен қабылданған қаулылар бойынша сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.
Есепті мерзімде бөлімге қатысты құзырлы органдар арқылы тексеріс болған жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталды.
Бөлімге есепті мерзімде жеке және заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
Сонымен қатар, бөлім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халыққа түсіндіру мақсатында мекеменің көрнекілік тақтайшасына тиісті стандарттар мен регламенттер ілінді.
Бөлім бойынша 13 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2022 жылдың қаңтар-ақпан барлығы 131 қызмет көрсетілді.
1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту - 21;
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 4;
3) Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлікті обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 31;
4) Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру – 0;
5) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 30;
6) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру – 0;
7) Жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 0;
8) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» - 1;
9) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 0;
10) Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру – 2;
11) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 0;
12) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 0.
13) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 42, мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Есепті мерзімде аудандық жер комиссиясы 1 рет өткізілді. 9 мәселе қаралып, нәтижесінде толық қанағаттандылырылды.
Кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесіне сауда-саттық және ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне конкурс өткен жоқ.
Есепті мерзімде электронды жер кезегіне 41 адам тіркелді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады.
|
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының жетекшісі ___________ Ж.Махметова
«______» ________ 2022 жыл
|
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі ___________ С.Бағытжанов
«______» ________ 2022 жыл |
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, бөлімнің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы, жұмыс тобының мүшесі __________Л.Құлжан
«______» ________ 2022 жыл
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген, бөлімнің
әдіскері, жұмыс тобының мүшесі
___________ А.Қуанов
«______» ________ 2022 жыл
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген, бөлімнің
мұрағатшысы, жұмыс тобының мүшесі
___________ Қ.Нұрланов
«______» ________ 2022 жыл