Өмірбаян Аяганова Мейрамгуль Шарухановна
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті елді мекенінде Аяғановтар әулетінде немеренің тұңғышы болып, 1974 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Әкесі- Аяғанов Шарухан, анасы-Кенжекешова Бекзада. Ата-анасы жанұяда 4 қыз, 2 ұл тәрбиелеген, еліне сыйлы, туысқа жақын, бауырға қамқор, жанашыр,еңбекқор жандар.
1980 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Крупская совхозы Қопа орта мектебінің тұңғыш табалдырығын аттаған. 1991 жылы мектепті бітіріп, арман қуып, Атырау қаласына Х.Досмұхамедов атындағы институты филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түскен. Университетті 1996 жылы бітіріп, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша диплом алған.
Аяганова Мейрамгуль Шарухановна облыстық «Үздік филолог» байқауынан 2-орын жеңімпазы атанған. Облыстық, аудандық түрлі кәсіби байқауларға қатынасып, жүлделі орындар иеленген. Мұғалім мамандығы көп оқып, ізденуді қажет етеді. Осы орайда бірнеше рет білім жетілдіру курстарына барып, білімін толықтырып отырған. 2014 жылы «Қызылқоға ұстаздары» атты аудандық жинақ кітапқа енген. 2014 жылы “Ұлттық құндылықтар –жеке тұлғаға бағытталған сабақтың ажырамас бөлігі” атты облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция жинағына «Қазақ тілі мен. 2020 жылы «Оқыту мен оқудағы инновациялық тәсілдердің тұлғаны дамытудағы рөлі» атты семинар-конференцияда Құрмет грамотасын иеленген. 2021 жылы, Алматы тіркеу:№0954, Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақстан ұстазы» журналына жұмысы жарияланып, I дәрежелі дипломмен, СЕРТИФИКАТ, Құрмет грамотасымен марапатталған. 2021 жылы қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы Алғыс хатымен марапатталған. 2021 жылы «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасының Алғыс хатымен марапатталған.2021 жылы бір топ өлеңдері «қыр тынысы» атты Атырау облысы Қызылқоға ауданы жазба ақындарының жыр жинағына енген. ӘОЖ 821.512.122-12 ҚБЖ 84 (5 Қаз)-5 Ж87 ISBN 978-601-06-8109-5
Қазіргі таңда «Туған жерге сағыныш», «Кел,достар», «Сені іздедім», «Солдатқа сағыныш», «Немерем», «Ұстазым», «Сағым кеште» әндерінің сөзін жазған. Әннің әуенін жерлес сазгер Әбдіғаппар Темірханов пен Ақтаулық Бақытнұр Әмірханқызы шығарды. Бұл әндер қазіргі таңда сахна төрінде орындалуда.
Жалпы білім беретін №9 орта мектепте жұмыс жасаған кезеңінің соңғы 5 жылында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және 4 ай директор міндетін атқарушы болып қызмет еткен. Қазіргі таңда «Сағыз орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп директоры болып қызмет етеді. Еңбек өтілі: 23 жыл.Санаты- «Педагог-шебер».Отбасылы, екі ұл,екі қыз тәрбиелеген ана, немереге әже.