КЕНБАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ОМАРОВ БЕКБОЛ
АҚБЕРГЕНҰЛЫН ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Омаров Бекбол Ақбергенұлы 1978 жылы маусым айының 13-ші жұлдызында, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келдім.
1985 жылы Миялы ауылындағы Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектепке 1сыныпқа қабылданып, 1995 жылы Сағыз ауылындағы №74, қазіргі № 9 орта мектепті тәмамдадым.
1995 жылы орта мектепті тәмәмдаған соң Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау педагогикалық мемлекеттік университетіне түсіп, аталған оқу орнын 1999 жылы «Тарих және құқ» мамандығы бойынша бітірдім. Сол жылдардан бастап өмір жолына араластым, Миялы селосындағы шағын мөлтек ауданындағы №1 негізгі мектептен өмір жолымды бастадым. 2001 жылдан бастап Сағыз ауылындағы аудандағы іргелі мектептердің бірі Кенбай орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып ауыстым. Сол жылдардан бері Кенбай орта мектебінде тарих пәнінен шәкірттеріме дәріс беріп, 2007 жылы 18 қыркүйекте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, 2016 жылға дейін атқарып келдім. Қазіргі таңда 2016 жылдан бері Кенбай орта мектебінің директоры болып қызмет етіп келемін.
2001 жылдан бастап «НұрОтан» партиясының мүшесі
Отбасылы, 3 қыз тәрбиелеуде