Қызылқоға аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының ШЕШІМІ

Қызылқоға аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының  ШЕШІМІ

 

Миялы ауылы                                                     №1                                       2  ақпан 2022 жыл

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы

26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына  сәйкес аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылай келе ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері болып мына тұлғалар сайланып, бекіту үшін аудандық мәслихатқа ұсынылсын:

Бисенбаев Кенжебек Нұрланұлы - аудандық «Арман» мәдениет  үйінің директоры;

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- аудандық «Қызылқоға» газетінің тілшісі;

Измаганбетов Қуанай - Қызылқоға аудандық «Қамқорлық» қоғамдық қорының директоры;

Мәдіғалиева Нұржамал Өмірзаққызы- МКҚК«Жасұлан» бөбекжай - балалар бақшасының меңгерушісі;

Ульжабаев Елемес Жолдасбайұлы - Атырау   облыстық  кәсіпкерлер палатасының Қызылқоға аудандық  филиалының  директоры.

  1. Жұмыс тобының басшысы К.Бисенбаев және хатшысы болып Н. Мәдіғалиева сайлансын.
  2. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары негізінде әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын халық санына сәйкес аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің саны 11 болып айқындалсын.

Мемлекеттік орган атынан өкілдер кеңес құрамының үштен бірінен аспауы және коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар кеңестің жалпы санының үштен екісінен кем емес көлемде болуы тиіс.

  1. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру аудандық «Қызылқоға» газетіне және ресми интернет ресурсқа (http://atyrau.gov.kz/) жариялансын. Келіп түскен құжаттар сарапталып, заңда белгіленген мерзім ішінде конкурс өткізілсін.
  2. Осы шешім ресми интернет ресурсқа (http://atyrau.gov.kz/) жариялансын.

                               Төраға                                                                     А.Аққайнанов

                                 Хатшы                                                                     Н.Мәдіғалиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылқоға аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндег3 жұмыс тобының ШЕШІМІ
Дата публикации
04 февраля 2022