Жеке кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы ақпарат

2021 жылы аудан бойынша 99 шағын кәсіпкерлік өкілдері жергілікті және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде несие қаражаты арқылы 752,6 млн.теңгеге қаржылық қолдау алды:

-«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау филиалы арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың           2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 47 жобаға 178,85 млн. теңге;

-«Ауылдық жердегі шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламасы бойынша 11 жобаға 62,4 млн. теңге;

-«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау филиалының жеке қаражаты арқылы 7 жобаға 122,55 млн. теңге;

-«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ АФ арқылы 2 жоба 25,7 млн. теңге, «Бастау Қызылқоға» НС» ЖШС арқылы 18 несие алушыға 245,99 млн. теңгенің несие қаражаттары берілді.

-«ҚазАгроҚаржы» АҚ Атырау филиалы арқылы лизинг негізінде 14 несие алушы 117,2 млн. теңгеге лизингке ауыл шаруашылығы техникаларын алды.

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін аудан бойынша 2021 жылы 8 кәсіпкер жалпы сомасы - 21,6 млн. теңгеге мемлекеттік қайтарымсыз грант қаражатын алды.

Жеке кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы ақпарат
Дата публикации
01 февраля 2022