Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша МО-ң қызметі туралы жыл сайынға есеп

Қызылқоға ауданы әкімдігі бойынша 2021 жылда 7745 жалпы мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 1925-ы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) көрсетілген, ал 2580-ы мемлекеттік органда, 2281-і электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, ақпараттық жүйелер арқылы – 581-і, «Е-Лицензия» базасы арқылы 378 қызмет  көрсетілген. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу болатындығын тұрғындарға түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Медиа жоспарға сай Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында және халықты ақпараттандыру үшін аудандық «Қызылқоға» газеті мен облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсына 79 мақала жарияланды.  

         2021  жылы 6 рет «Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі» өткізілді (офлайн 2, онлайн 4). Жәрмеңкеде ауыл тұрғындарына барлық көрсетілетін қызмет заңдылықтары кеңінен түсіндірілді.

         Құжаттардың мерзімдерін бұзу фактілерінің алдын-алу және бақылауды күшейту мақсатында ақпараттық жүйелер арқылы түскен өтініштерді уақытылы өңделу шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылды.

         2020 жылдың 27 қарашасынан  бастап аудан әкімі аппараты ғимаратының 1 қабатында «Сервистік әкімдік» жобасы жұмыс жасайды. «Сервистік әкімдік» жобасы құзіретті, әрі кәсіби мамандармен және электронды кезек, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, Wi-Fi желісі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы орындар, балалар алаңқайымен қамтылған.  2021 жыл соңына дейін «Сервистік әкімдік» жобасы арқылы 2171 өтініш қанағаттандырылып, 2191 кеңес берілді.

         2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде және 10 ауылдық округ әкімі аппараттарында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 11252 қызмет көрсетіліп, 4979 ЭЦҚ алынды. 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері б/ша МО-ң қызметі туралы жыл сайынға есеп
Дата публикации
01 февраля 2022