Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2021 жылдың қорытындысы бойынша келесіні хабарлайды.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру құзыреті шеңберінде 2021 жылы ақпараттандыру саласындағы ҚР заңнамасының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде сақталуы тұрғысынан 56 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде мемлекеттік органдардың 30 лауазымды тұлғасы, сондай-ақ 5 заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сондай-ақ, есепті кезеңде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын бұзғаны үшін 32 лауазымды тұлға және 11 заңды тұлға орынға шықпастан әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысын (бұдан әрі – Бірыңғай талаптар) бұзудың негізгі түрлері:

- мемлекеттік органдардың шетелдік почтаны қызметтік мақсатта пайдалануы, елтаңбалық бланкілер мен хаттарда шетелдік почтаның жазылуы (128-т. 5-тм.);

- мемлекеттік органдардың ИҚБШ- на қосылуының болмауы (128-т. 4-тм.);

- ақпараттандыру объектілерін құру, сүйемелдеу және дамыту мәселелерімен айналысатын басқа құрылымдық бөлімшелерден оқшау құрылымдық бөлімше болып табылатын АҚ бөлімшесінің немесе АҚ-ны қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамның болмауы.

Бұдан басқа, АҚ қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлер АҚ қамтамасыз ету саласында сертификат берілетін мамандандырылған курстардан кемінде үш жылда бір рет өтуге тиісті (30-т.);

- МО және ЖАО қызметтік ақпаратын өңдеу мен сақтау МО немесе ЖАО ішкі шеңбері мен сыртқы шеңберінің ЛЖ-сына қосылған жұмыс станцияларында жүзеге асырылады (24-т.);

- пайдаланушыларды сәйкестендіру, аутентификациялау және қол жеткізуді басқару бойынша талаптар сақталмайды (139-т. 4-тм.);

- жергілікті желінің кабельдік жүйесінің пайдаланылмайтын порттары белсенді жабдықтан физикалық ажыратылуы бойынша талап сақталмайды (139-т. 1-тм.);

- шетелде орналасқан Қазақстан Республикасының мекемелері үшін осы БТ 48-тармағына сәйкес АКҚҚ-ны пайдалана отырып ұйымдастырылған байланыс арналарын қоспағанда, АС ішкі шеңберінің ЛЖ және сыртқы шеңберінің ЖЖ өзара түйіндесуі (139-т. 7-тм.);

- АС-нің ішкі шеңберінің ЖЖ Интернетке қосылуы (139-т. 8-тм.).

Бірыңғай талаптарды бұзғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өткен жөн (2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 641-бабына сәйкес).

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, мемлекеттік органдардың барлық қызметкерлеріне ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтауды сұраймыз.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
Дата публикации
01 февраля 2022