Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 қаңтардағы №401-IV «Медиация туралы» Заңы 16-бабының талабына сәйкес, Мұқыр ауылдық округі бойынша ауыл тұрғындары Булекбаева Канзиба мен Сарсембаев Аманкелді Шапатаұлы кәсіби емес медиаторлар тізіліміне енгізілді.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 қаңтардағы №401-IV «Медиация туралы» Заңы 16-бабының талабына сәйкес, Мұқыр ауылдық округі бойынша ауыл тұрғындары Булекбаева Канзиба мен Сарсембаев Аманкелді Шапатаұлы кәсіби емес медиаторлар тізіліміне енгізілді.

 

 

                                                                          Өмірбаяны

Мен, Булекбаева Канзиба 1955 жылдың 16 наурызы Гурьев облысы, Қызылқоға ауданының Жантерек теміржол бекетінде дүниеге келдім.

1962-1966 жылдар аралығында Жантерек бастауыш мектебінде, 1966- 1970 жылдар аралығында Доссор поселкесінде С.Шарипов  атындағы 8 жылдық мектеп – интернатта, 1970-1972 жылдары Мұқыр орта мектебінде оқып білім алдым.

1972-1981 жылдары Алматы шетел тілдері институтын ағылшын және француз тілдері мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірдім. Еңбек жолымды Мұқыр орта мектебінде бастап, 32 жыл дәріс бердім.

2006-2013 жылдар аралығында Мұқыр орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болдым.

1991 жылдан бастап қызметім барысында аудан, облыс, республикалық білім департаменттерінен жүлделі орындар, алғыс хаттар және сертификаттарға ие болдым.

2007 жылы АҚШ – тың Небраска штатының Линкольн қаласының «Құрметті Азаматы» атағын алдым.

2007 жылы «IREX» халықаралық зерттеу және тәжірибе алмасу бюросының   «Жетістіктері үшін сертификатына» ие болдым.

2007 жылы Қызылқоға ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.

2008 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.

2009 жылы Облыс мәслихатының «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.

2020 жылы Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болдым.

Отбасымда жолдасым, қызым бар, 3 немеремді тәрбиелеп отырмын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Өмірбаяны

Мен, Сарсембаев Аманкелді Шапатаұлы 1944 жылдың 26 желтоқсанында Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосында дүниеге келдім.

1953-1964 жылдары Мұқыр орта мектебінде оқып, орта білім алған соң еңбек жолымды аудан шаруашылығын өркендету мақсатында сыныптастарыммен бірге, 1964 жылы Қызылқоға ауданы, «Гурьев» асыл тұқымды Қаракөл қой совхозында қатардағы жұмысшыдан бастадым.

1965-1970 жылдары Атырау қаласындағы педагогикалық институтының биология факультетін сырттай оқып бітірдім. 1965-1968 жылдары «Гурьев» қаракөл қой совхозында комсомол комитетінің хатшысы, 1968-1973 жылдары Мұқыр орта мектебінде мұғалім, 1973-1975 жылдары осы мектепте директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 1975-1985 жылдары мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 1985-1989 жылдары қатардағы мұғалім болып еңбек еттім. 1989-1991 жылдары Мұқыр селолық кеңесінің хатшысы, 1991-1993 жылдары селолық кеңес төрағасының орынбасары, 1993-1996 жылдары «Гурьев» асыл тұқымды қаракөл қой заводында кадр жөніндегі инженер, 1996-1998 жылдары осы заводтың кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1998-1999 жылдары Мұқыр орта мектебінің директоры, ал 1999-2008 жылдары Мұқыр орта мектебінде психолог болып еңбек еттім.

2008 жылы зейнеткерлікке шықтым.

1981 жылы Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі атансам, осы жылдар ішінде Қызылқоға аудандық кеңесінің депутаты, Гурьев облыстық аудандық комсомол комитетінің пленум мүшесі, аудандық комсомол комитетінің пленум мүшесі болдым. Қазақстан ДКСМ орталық комитетінің, облыстық, аудандық комсомол комитетінің грамоталарымен, Қазақстан Білім министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталдым.
2014 жылы Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағын алдым.

Отбасымда 10 бала тәрбилеп өсірдім, 31 немере, 9 шөберем бар.

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 қаңтардағы №401-IV «Медиация туралы» Заңы 16-бабының талабына сәйкес, Мұқыр ауылдық округі бойынша ауыл тұрғындары Булекбаева Канзиба мен Сарсембаев Аманкелді Шапатаұлы кәсіби емес медиаторлар тізіліміне енгізілді.
Дата публикации
28 января 2022