Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 қаңтардағы №401-IV «Медиация туралы» Заңы 16-бабының талабына сәйкес,
Жангелдин ауылдық округі бойынша ауыл тұрғындары Тұрғанғали Ғайнижамал мен Маханов Бағыт және Әбуов Құрақбай кәсіби емес медиаторлар тізіліміне енгізілді.
Тұрғанғали Ғайнижамалдың өмірбаяны
1949 жылы 12 ақпанда Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылында дүниеге келген. Орлыкөл орта мектебін 1967 жылы бітірген. 1972 жылы Алматы қыздар пеагогикалық институтының, қазақ тілімен әдебиеті мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 1972 жылы Шүкір Еркінов атындағы орта мектептен бастады. 1987 жылы Миялы орта мектебіне қызметке ауысты.
2007 жылы Миялы орта мектебінен зейнетке шықты. Қазіргі уақытта зейнеткер, ардагер мұғалім. Қазақ ССР оқу ісінің үздігі төс белгісінің иегері. Қазіргі таңда 3 ұлынан 10 немере көріп ұрпағына мейрімін шашқан ардақты әже.
Маханов Бағыттың өмірбаяны
1950 жыл 1 шілде де Жылой ауданы Қаратон ауылында дүниеге келген.
Орлыкөл ора мектебін 1966 жылы бітірген. 1973 жылы Ақтөбе облысы Темір ауылындағы техникумды, бухгалтер мамандығы бойынша бітіріп, «Жангелдин» совхозына бухгалтер болып жұмысқа орналасқан. 1996 жылы «Жангелдин» совхозы таратылғанға дейін, сол совхозда фирма меңгерушісі, бас бухгалтер, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
1997 жылы Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратына маман болып қызметке орналасты. 2013 жылы Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратынан зейнетке шықты. Қазіргі уақытта зейнеткер.
Абуов Құрақбай Төлеуғалиұлының өмірбаяны
1959 жылы 3 мамырда Ойыл ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1966-1976 жылдар аралығында Жангелдин ауылындағы орта мектепте білім алған. 1976-1981 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану факультетінің география-биология мамандаға бойынша бітірген. Еңбек жолын Миялы орта мектебінде бастап 38 жыл бойы оқушыларға дәріс беріп келеді. 1993-2002 жылдары мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы. Еңбек еткен жылдарында обылыстық салалық кәсіподақтардың «Құрмет грамотасымен», обылыстық білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталған.
Қазіргі таңда жолдасы екеуі 3 ұл тәрбиелеп отыр.