Нығымет Бағыт Ғаниқызының Өмірбаяны

   1958 жылы 10 қазанда Қызылқоға ауданы, Қаракөл селосында дүниеге келген.1964 жылы Тасқала атты шағын мекендегі Мәдениет бастауыш мектебінің табалдырығын аттап 3-ші сыныпқа дейін оқып, 4 сыныптан 7 сыныпқа дейін Мақат поселкесіндегі М.Горький атындағы орта мектебінде дәріс алып, 7 сыныптан 10 сыныпқа дейін Қызылту совхозындағы Орлыкөл орта мектебінде оқып, 1974 жылы орта мектепті бітірді.Шұбартаулықтар бастамасымен үздік оқығаны үшін «Класымызбен-жастар бригадасына» девизімен екі жыл еңбек етті. 1976 жылы Гурьев педагогика институтын бітіріп, 1980 жылы институттың толық курсын бітіріп шықты. 1980 жылдан 1983 жылға дейін №52 балалар бақшасында тәрбиеші-музыкант, 1983-1987 жылдарда музыка мектебінде баяншы, 1987-2004 жылдары №20 орта мектебінде, 2004-2013 жылдары №1 мектеп гимназиясында, 2013-2018 жылдары Миялы балалар өнер мектебінде мектеп директоры қызметін атқарды. Еңбек еткен жылдарында оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар жеңімпазы атанды. Қазақстан Республикасы Халық ағарту ісінің озық қызметкері атанды.

Марапаттары

Алматы қаласында өткен Республикалық байқауда «Үздік әдіскер» атағына ие болып,облыс,аудан мерейін арттырды.

 2013-2018 жылдар аралығында Миялы балалар  өнер мектебінде директорлық қызмет атқарып, «Ұстаздардың ұстазы»   болумен қатар өнерлі оқушыларды Түркия елінен бастап,Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі қалалардың сахнасында  өнер  көрсетуіне  ұйытқы  болды.

 Іскер басшы бола жүріп, асқан  шеберлікпен  Миялы балалар өнер мектебінің жұмысын жандандырды.  

 «Арпалысып жүріп алған абырой-өмірдің ең шырын рахаты»  -деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұстаз еңбек еткен жылдарында шәкірттері талай конкурстарға, Халықаралық, Республикалық  байқауларға қатысып жүлделі орындарды қанжығасына байлаған. Абай, Мұқағали, Махамбет оқулары   байқауларында оқушылары алдына жан салмайтын. Ерен еңбегі ескеріліп, түрлі марапаттарға ие болды.          

Ұлағатты  ұстаз  Бақыт Ғаниқызы – ҚР Халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Білім беруді дамытуда қосқан үлесі  үшін» медалінің иегері. «Үздік музыка пәні мұғалімі» төсбелгісімен марапатталған. «Қазақстанның үздік адамдары», «Атырау облысы  мұғалімдері» , «Қызылқоға ұстаздары» энциклопедиясына енген.

Облыс әкімінің Алғыс хаты(2014ж),Аудан әкімінің Алғыс хаты,бірнеше дүркін Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты және көптеген марапаттарға ие болған. Бақыт Ғаниқызының түсінігі  бойынша  ең жоғары наградасы-өзінің тәрбиелеп шығарған қазірде мемлекеттің өркендеуіне үлес қосып келе жатқан шәкірттері.......

Жанұялы, немере-жиен, шөбере сүйіп отырған абзал ана.

Нығымет Бағыт Ғаниқызының Өмірбаяны
Дата публикации
30 декабря 2021