«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №14 қаулысымен алынған Ереженің негізінде жұмыс атқарады.
«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Есқалиев Мереке Василийұлы.
Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.
«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.
07.07.2021 жылы округ әкімінің №154-ө өкімімен округ әкімі аппаратының статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы А.Ермағанбетова өз арызы бойынша атқаратын лауазымынан босатылсын.
27.07.2021 жылы округ әкімінің №164-ө өкімімен округ әкімі аппаратының электро-монтері М.Аманов 2021 жылдың 2 тамызынан бастап 2021 жылдың 26 тамыз аралығына кезекті еңбек демалысы берілсін.
27.07.2021 жылы округ әкімінің №165-ө өкімімен округ әкімі аппаратының күзетшісі Д.Бисенгалиев 2021 жылдың 2 тамызынан бастап 2021 жылдың 26 тамыз аралығына кезекті еңбек демалысы берілсін.
17.08.2021 жылы округ әкімінің №186-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Н.Өтесінова 2021 жылдың 23 тамызынан бастап 2021 жылдың 22 қыркүйек аралығына кезекті еңбек демалысы берілсін.
14.09.2021 жылы округ әкімінің №205-ө өкімімен 2021 жылдың 14 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 12 желтоқсаны аралығында А.Зинекешова арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейін округ әкімі аппаратының бас маманының (уақытша 09.03.2022 жылға дейін, бала күтіміндегі негізгі қызметкердің орыны) міндетін уақытша атқару үшін қабылдансын.
15.09.2021 жылы округ әкімінің №211-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Б.Қасымова 2021 жылдың 27 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 27 қазаны аралығына кезекті еңбек демалысы берілсін.
24.09.2021 жылы округ әкімінің №216-ө өкімімен 2021 жылдың 24 қыркүйегінен бастап, аудандық жұмыспен қамту орталығының 24.09.2021 жылғы №446 санды жолдамасына сәйкес уақытша 3 (үш) ай сынақ мерзімге 2021 жылдың 24 желтоқсанына дейін, округ әкімі аппаратының статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маман қызметіне Д.Ахмет жұмысқа алынсын.
27.09.2021 жылы округ әкімінің №218-ө өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін МКҚК «Мұқыр ауылдық клубының» директоры А.Есенғалиға қатаң сөгіс берілсін.
11.10.2021 жылы округ әкімінің №229-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Ә.Карон 2021 жылдың 18 қазанынан бастап 2021 жылдың 27 қазан аралығына кезекті еңбек демалысы берілсін.
15.10.2021 жылы округ әкімінің №233-ө өкімімен жеке еңбек шартымен маусымдық отжағушы қызметіне аудандық жұмыспен қамту орталығының 15.10.201 жылы №762,578,579,737,736 жолдамаларына сәйкес А.Есенқұлова, Қ.Құттыбаев, Е.Камзин, Б.Көбешов, Б.Ракимгалиева, Ж.Намазбаев жұмысқа алынсын.
19.10.2021 жылы округ әкімінің №235-ө өкімімен округ әкімі аппаратының тазалықшысы О.Орақова 2021 жылдың 25 қазаннан бастап 2021 жылдың 17 қараша аралығына кезекті еңбек демалысы берілсін.
26.10.2021 жылы округ әкімінің №240-ө өкімімен округ әкімі аппаратының жүргізушісі Т.Орынбаев өз өтінішіне сәйкес атқаратын қызметінен босатылсын.
27.10.2021 жылы округ әкімінің №242-ө өкімімен округ әкімі аппаратының статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маман Д.Ахмет өз өтінішіне сәйкес атқаратын қызметінен босатылсын.
27.10.2021 жылы округ әкімінің №243-ө өкімімен 2021 жылдың 27 қазанынан бастап, аудандық жұмыспен қамту орталығының 27.10.2021 жылғы №771 санды жолдамасымен уақытша 3 (үш) ай сынақ мерзімі негізінде округ әкімі аппаратының статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы болып А.Ғайнолла жұмысқа алынсын.
27.10.2021 жылы округ әкімінің №244-ө өкімімен округ әкім аппаратының бас маман-есепшінің орыны бос болуына байланысты, міндетін уақытша 2021 жылдың 27 қазанынан бастап 2022 жылдың 27 қаңтарына дейін қоса атқару округ әкімі аппаратының статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы А.Ғайноллаға жүктелсін.
27.10.2021 жылы округ әкімінің №245-ө өкімімен 2021 жылдың 27 қазанынан бастап аудандық жұмыспен қамту орталығының 27.10.2021 жылғы №772 жолдамасымен округ әкімі аппаратының жүргізуші қызметіне С.Үмбетов алынсын.
01.11.2021 жылы округ әкімінің №250-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Ә.Каронның бала күтіміне сәйкес демалыста болуына байланысты, міндетін қоса атқару округ әкімі аппаратының бас маманы Б.Қасымоваға жүктелсін.
09.11.2021 жылы округ әкімінің №257-ө өкімімен округ әкімі аппаратының тазалықшысы О.Орахова жұмыс ауқымының көбеюіне байланысты 9 қарашадан бастап еңбек демалысынан кері шақыртылсын.
12.11.2021 жылы округ әкімінің №261-ө өкімімен 2021 жылдың 16 қарашасынан бастап округ әкімі аппаратының статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маман А.Ғайнолла қызметінен босатылсын.
12.11.2021 жылы округ әкімінің №262-ө өкімімен 2021 жылдың 12 қарашасынан бастап жеке еңбек шартымен маусымдық от жағушы қызметіне аудандық жұмыспен қамту орталығының 10.11.2021 жылғы №802 жолдамасымен Н.Намазбаева жұмысқа алынсын.
17.11.2021 жылы округ әкімінің №264-ө өкімімен 2021 жылдың 17 қарашасынан бастап уақытша 3 (үш) ай сынақ мерзімі негізінде аудандық жұмыспен қамту орталығының 16.11.2021 жылғы №07-25/613 санды хатына сәйкес, округ әкімі аппаратының статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы болып Л.Аталикова жұмысқа алынсын.
17.11.2021 жылы округ әкімінің №265-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маман-есепшінің орыны бос болуына байланысты, міндетін уақытша 2021 жылдың 17 қарашасынан бастап 2022 жылдың 17 ақпанына дейін қоса атқару округ әкімі аппаратының статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маман Л.Аталиковаға жүктелсін.
23.11.2021 жылы округ әкімінің №271-ө өкімімен 2021 жылдың 23 қарашасынан бастап жеке еңбек шартымен аудандық жұмыспен қамту орталығының 15.10.2021 жылғы №07-25/561 санды хатына сәйкес Ж.Сартов маусымдық от жағушы қызметіне жұмысқа алынсын.
08.12.2021 жылы округ әкімінің №280-ө өкімімен өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін округ әкім аппаратының бас маманы Н.Өтесіноваға сөгіс берілсін.
27.12.2021 жылы округ әкімінің №296-ө өкімімен 2021 жылдың 31 желтоқсанынан бастап өз өтініші бойынша округ әкімі аппаратының бас маманы А.Зинекешова жұмыстан босатылсын.
27.12.2021 жылы округ әкімінің №297-ө өкімімен 2022 жылдың 10 қаңтарынан бастап өз өтінішіне сәйкес округ әкімі аппаратының бас маманы М.Қондыбай негізгі атқаратын қызметіне кіріссін.
МҚКК «Мұқыр ауылдық клубының» мекемесіндегі штат саны 3,5. Атап айтқанда мекеме директоры-1, мәдени жұмысты ұйымдастырушы -1 адам, көркемдік жетекші-1 адам(0,5), 1 техникалық қызметкер – 1 (0,5), есепші – 1 (0,5) қызмет етеді.
1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;
2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;
4) «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;
5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;
9) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;
10) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;
12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
13) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;
14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
-Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;
9.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық -басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.
10.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.
Мұқыр ауылдық округі бойынша қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 2021 жылдың қыркүйек айында Ғ.Есенғалиұлы көшесіне «Өз елінің патриоты сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді!» тақырыбында баннер орналастырылса, 22 маусым күні округ әкімі аппаратының фейсбук әлеуметтік желісіне «Жемқорлық-қоғамға қастық!» тақырыбында бейнеролик орналастырылды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-і, Мұқыр орта мектебі, МКҚК «Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы мекемесі www. adaldyk.kz тіркелген.
Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған , 61-5-49 сенім телефондары жария етілген.