Мақсатымыз жемқорлыққа тосқауыл қою.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен  жасақталған   «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын іске асыру мақсатында, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасының негізгі мақсаты, қоғамда құқық бұзушылықты бірлесіп жоюға шақыру және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру екендігін тұрғындарға кеңінен насихатталды. Мекемелердегі қызметкерлерге, тұрғындарға  «Қоғамдық бақылау картасы» жобасының негізгі мақсаты  түсіндіріліп, 200-ден аса жадынамалар,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған баспа материалдары таратылды. Округ көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық «Атқарылған қызмет ұнаған жоқ па?», «Атырау адалдық алаңы», «Шыншылдық адалдықпен ағзалас», «Егер сіз жемқорлыққа тап болсаңыз, осы нөмірге хабарласыңыз» тақырыбтарында баннерлер орнатылды.

Ағымдағы жылдары  «Адал көмек» жобасы аясында тұрғындарды онлайн форматта округ әкімі тікелей эфир арқылы қабылдаулар өткізілді. «Парасатты қоғам «Сервистік әкімдік» атты бейнеролик округтегі әлеуметтік желілерге жарияланды.

«Атырау-адалдық алаңы» жобасы аясында округ әкімі аппараты ғимаратында  «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы тұрғындар қызмет алуға жағдай жасалған, қоғамдық жұмыс негізінде жұмыспен қамту орталығы арқылы алынып,  кеңес береді.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

 

Мақсатымыз жемқорлыққа тосқауыл қою.
Дата публикации
26 ноября 2021