Отбасы - сүйіспеншіліктің құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдiң дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасын бiрлесiп бірге күн керетiн, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы кұрайды. Ал жанұяның береке-бірлігі-әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзiнде. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлесiң» дегендей, бала тәрбиесiнде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлi мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. Отбасы деген шағын ғана мемлекетiңiздiң берік те,бақытты болуы үшін өзгелердi, соның iшiнде бiрiншi болып балаларды бақытты ету керек. Ұлт өмірінің іргетасы, негiзін қалаушы отбасы болса, отбасының iргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, колдауын сезінгенде ғана, бакытты болып, ержетедi.
Ата-аналар бала тәрбиесiне уақыт жетпейді деп киналады. Менiнше, жоспарлай білсе уакытты әрдайым табуға болады. Үлкендер уақытты бейрәсуа жұмсамаса, баламен жүйелi жұмысқа уақыт табылады. Мысалы, дукенге, базарға, қонаққа, теледидарга, телефонға кететін уақыттарды үнемдесе... Бала тәрбиесiн бүгін емес, ертеңге қалдырсаңыз, кеш болады. Балаға бүгін берiлуi тиiс тәрбиенi кейiнге калдырмаңыз. Тәрбиеде із қалдыратын алтын уақыт қайталанбайды. Өсiп кеткен балаға дер кезiнде берiлмей қалған тәрбие жұғымсыз, дәмсіз тамақ сияқты болар. Өмірде көп игiлiктер келiп, кетiп жатады. Ал адам үшін ең өміршең байлық, зор құндылық - отбасы мен балаға деген сезім.
Әр адамның өмір сүру тәжірибесі әртүрлі. Дегенмен, кез-келген отбасы нәресте дүниеге келген күннен бастап, күнделiктi дағдысына, уақыт кестесіне өзгеріс енгiзгені жөн. Сонда баламен шұғылдануға күн сайын бір-екі сағат уақыт табылатын болады. Бала тәрбиесіндегі ең басты шарт - күнделiктi, тұрақты, нақты, сабақтастықты үзбеу болып табылады. Баланыз өзiңiзден де артық болсын десеңіз...
Бала жетістікке жету үшiн, ең әуелі, үлкендер өздері отбасында қарым-қатынас, iс-әрекет, мiнез-кұлқымен үлгі болуы тиiс. Қателігін түсініп, түзеп отырудың - балаға әсері үлкен. Әркез ата-ана балаларының үй iшiмен, достарымен қарым-қатынасына көңiл бөліп, мән бергенi дұрыс. Қателігін дер кезінде түзеп, ескерту жасағаны абзал.
Бала - бiздiң болашағымыз. Ал болашағымыз бапты, бақытты болғанға не жетсін! Қашан, қай жаста болса да, бала тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Кеш те болса, жалғастыру керек.