Маскүнемдік дегеніміз не ? Маскүнемдік-адам ағзасына физикалық және психологиялық зиян келтіретіндей дәрежеде алкогольдік сусындарды күнделікті және тұрақты қолдану.Маскүнемдікдің белгісі адам алкогольдік ішімдіктерді қолданғаннан кейін өзін-өзі бақылауы бұзылып, ішімдікке тәуелді адам кейпінде жүреді. Маскүнемдіктің көріністері қандай? Алкогольдік ішімдікті қолданған адамның: Үйінде-ұрыс-керіс, айқай-шу,жанжалдың болуы Жұмысында-тәртіптің нашарлауы,жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі. Заңға қарсы шығу( ішкен күйде көлікті жүргізу) Денсаулығы нашарлауы-қан қысымының көтерілуі, ас-қорыту жүйесінің зақымдалуы жиі бауырдың бұзылуы. Алкогольдік ішімдіктерді зиянды әдет ретінде қабылдайтындар мен ішімдікке тәуелділер арасында айырмашылықтар болады.Зиянды әдет ретінде қабылдайтындар мен маскүнемдер олар ішімдікті физикалық,әлеуметтік,мінез-кұлықтық жағдайларға байланысты қолданады,ал алкогольге тәуелділер олар күнделікті ішімдікті қолданбайды,бірақ бір бастап ішкен кезде ұзаққа дейін ішіп,содан соң ішуді тоқтатқаннан кейін тәуелділік синдромы басталады. Емі Маскүнемдік-денсаулыққа зиянын келтіретін,әлеуметтік-жағдай мен мінез құлықтың бұзылуына алып келетін өмір бойына болатын ауру.Егер алкогольге тәуелділікті дер кезінде емдемесе онда ішімдіктің психикаға,жүрекке,бауырға және басқада мүшелерге әсер етуінен науқас өлімге ұшырауы мүмкін.Маскүнемдіктен толық емделу мүмкін емес, бірақ онымен сәтті күресуге болады. Маскүнемдікті емдеу әдісіне байланысты әр түрлі үш сантақа бөлеміз: физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік.Маскүнемдікті емдеудің бір тәсілі болып алкогольді өнімдерді қолданған кезінде ауыр жанама әсер көрсететін химиялық заттарды пайдалану болып табылады.Осындай заттарға дисульфирам,кальций цианамиді және т.б. Бұл заттар алкогольді қолданған кезде адамда қызба, жүректің айнуы, қан қысымының төмендеуі, жүрек қағу және қорқыныш сезімін тудырады.Міне,сондықтан науқас ішімдікті ішуден бас тартады. Маскүнемдердің жасырын бағдарламасы . Маскүнемдер психотреапиясы көптеген әдістерден құралады,соның ішінде ең тиімдісі науқастарды топпен қолдану.Осыған байланысты батыста маскүнемдердің жасырын бағдарламасы өте кеңінен танымал болды,ол жерде қатысушылар топпен жиналып өздерінің мәселелрін және маскүнемдікке қалай жеткендерін айтып,осы қиындақтан бірігіп өтуге деген жолды көрсетулерін сұрайды. Қазіргі кезде маскүнемдердің жасырын бағдарламасы әлемдік әдіске айналды.Осы топ әлемнің барлық мемлекеттерінде құрылған ,маскүнемдіктен айырылу үшін 12 діни емес мақсат және рухани жаңғырту қолданылады. Алкоголизмге қарсы дәрі-дәрмектер жоқ.Алкоголизм - бұл емдеуге болатын ауру, ал көптеген емдеу бағдарламалары мен тәсілдері көмек алуға шешім қабылдаған маскүнемдерді қолдау үшін қолжетімді, бірақ ешқандай медициналық көмек жоқ.Біреудің алкогольге тәуелділігі қалай анықталғанына қарамастан немесе олардың ішімдік ішу проблемасы бар екенін түсінуіне қарамастан, емдеудің алғашқы қадамы - көмек алуға деген шынайы ниет.Әлеуметтік қысыммен емделуге мәжбүрленген немесе жағдайдан бас тартуға мәжбүрлеген алкоголизмдер ұзақ уақыт бойы сәтсіздікке жетеді.Тіпті өз еркімен емдеуге тырысатын көптеген маскүнемдер тіпті ұзақ мерзімді күтпестен бұрын кем дегенде бір рецидивке ие болады. Қайталанудың күшті мотивациясы бар адамдар маскүнемдіктің қалпына келу жолында болуы мүмкін, алайда аз адамдарға ішімдік өміріне қайта оралу ақталуы мүмкін.