Қазақстанда бүгінгі күні білім беру мен тәрбиелеуде тәуелсіз мемлекеттің талабына үйлесімді құрып, жастарға сапалық жаңа қасиеттерді сіңіруді қолға алып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жұмыстар жүргізілуде. Тұлғаның өз болмысын тануға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін дамытып толыққанды өмір сүру үшін рухани күш-жігер беру оқу орындарының басты міндетіне айналды. Осы орайда оқушылардың бойына жаңа сана, жаңа көзқарас қалыптастыруда имандылық пен адамгершілік жағынан құлдыраған нашақорлық, жезөкшілік, маскүнемдік сияқты індеттерден сақтанарлықтай таным түсінік қалыптастыру басты міндет болып саналады.
Әрине, тәрбие ісіндегі келелі мәселе тек айтумен ғана шешілмейді, оның дұрыс жүзеге асуы жеке тұлғаның арман-мұратына үйлесімді салауатты өмір салтының идеяларының терең ұқтырып бойына сіңіруі. Ал мұның басты құралы нақты іс-әрекет арқылы көзқарас қалыптастыру. Осы орайда орта мектептерде әдеп әліппесіне, отбасылық тәрбиеге байланысты сабақтар өткізіліп және сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бағдарламаларымен жұмыстар ұйымдастырып отыр.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі – түрлі іс-әрекет барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы, пікірлесуі және мұғалімнің, ата-ананың және ересек адамдардың үлгі өнегесі деп білген жөн. Сонымен қатар оқушыға дене тәрбиесін бергенде олардың жас ерекшеліктері, денсаулығы, спортпен қаншалықты шұғылданғандығы, дене шынықтыру жаттығуына қатысуы т.б. ескерілуі керек. Бұларға қоса дәрігерлік мекемелердің ұйғарымы және адамгершілік талаптарға байланысты табиғи нышандар, дербес ерекшеліктерге мүмкіндік беріліп отыр.
Жамбыл ауылдық округі бойынша нашақорлық және маскүнемдікпен күрес, қалың бұқара арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздеген көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, ауылда волейбол, футбол, теннис, тоғызқұмалақ секциялары жұмыс жасайды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, атап айтқанда учаскелік полиция инспекторы Н.Имашевпен «Жасөспірім және заң» тақырыптарында кездесулер мен ата-аналар қоғамдық кеңесімен ата-аналар жиналыстары өткізілді, бұл жұмыстар алға қарай да жалғаса береді.
Қаракөл орта мектебінде қыздар мен ұлдар тәрбиесіне арналған «Қызғалдақ» және «Бозбала» клубтарының жұмысы бір жүйеге қойылған.