Отбасы – сыйластық орнаған орта. Отан- отбасынан басталады. Расында, отанды сүю- отбасынан басталады. Себебі, отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы- оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы- табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасындағы бала тәрбиесінде, сонымен қатар, өзгеде күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолында ер азаматпен қатар, әйелдердіңде араласуы көптеп кездеседі. Тәуелсіздік жылдарында еліміз әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында бірқатар жетістіктерге жетті. Әйелдердің қоғамдық жұмысты атқарып, отбасына да уақытын қажетті деңгейде бөліп, балаларының тәрбиесімен де айналысып жүргендігі жасырын емес. Осы тұрғыда қазақ халқымыз «Әйел бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді» деген даналық сөзі текке айтылмаса керекті.