Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың 8 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға ауданы әкімінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №242-ө «Аудан әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы №17-ө «Жұмыс тобын құру туралы» өкіміне өзгерістер енгізу туралы» өкімі негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:

         1)Жанқуатов Асылбек Жолдасұлы-аудан әкімі аппаратының басшысы;       2)Қаленов Азамат Қайырғалиұлы-аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің басшысы;

3)Аманжанов Төлеухан Теміржанұлы- аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы;

4)Қазыбеков Қуанышбек Амангелдіұлы- аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы;

5)Бимағанбет Сұлтан Бимағанбетұлы-аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы және персоналды басқару қызметі бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы.

Талдау кезеңі: 2021 жылдың 1 қаңтар-31 тамыз аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2021 жылдың 8 айы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2) Мүдделер қақтығысын реттеу;

3) Мемлекеттік қызмет көрсету;

4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру;       

5) Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

6) Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;

7) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер;

8) Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

«Қызылқоға ауданы әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға

ауданы, Миялы ауылы. Абай  көшесі №4

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша Қызылқоға ауданы әкімінің аппаратында 2021 жылдың 8 айы бойынша кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша аудан әкімі аппаратында 19 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 18 адам.

2021 жылдың 8 айы бойынша өткізілген бос лауазымдарға арналған ішкі және жалпы конкурстардың саны 3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Аудан әкімінің 2020 жылғы 28 ақпандағы №57-ө өкімімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Мекемеде мүдделер қақтығысы жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді және рұқсат беру функциясы жоқ. Аудан әкімдікке қарасты 9 дербес бөлімдер мен 10 ауылдық округ әкімі аппараттарымен көрсетілетін қызметтерге мониторинг жасап, бақылау жүргізеді, атап айтқанда бекітілген стандарттарына сәйкес уақытылы және сапалы көрсетілуін, рәсімделуін қадағалайды.

Аталған қызметтерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептер анықталған жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

«Қызылқоға ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Қызылқоға ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алу және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жүктелген.

2021 жылдың 8 айы бойынша Қызылқоға ауданы әкімі аппаратына барлығы – 102 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан– 76, заңды тұлғалардан – 26 өтініш.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 8 айында жоғары тұрған органдардан 8 өтініш түсті.

2021 жылдың 8 айында қаралған барлығы 102 өтініштің 4 оң шешіліп; 98-сіне заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді. Қайталама арыздар саны – 0.

2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша аудан әкімімен 97 азаматтар қабылданып тиісті түсініктемелер берілді.

Аудан әкімі аппараты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы басқармасына «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 10 ауылдық округтер, 9 дербес бөлімдер мен аудан әкімі аппаратының 2021 жылдың 8 айы бойынша есебі жолданып және ай сайын салыстырмалы тексеру актісі тапсырылып отыр.

2021 жылдың 8 айы мерзімі ішінде прокуратурадан және сот органдарынан қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ. Алайда 2021 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-нің бас маман есепшісіне қатысты №202300131000173 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық ісі бойынша ҚР ҚПК 200-бабының талабына сәйкес заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсынысы келіп түсті. Аталған ұсыныс талқыланып, 2021 жылдың 21 қаңтарында №07-01-01-01/140 шығыс хатымен жауабы берілді.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

«Қызылқоға ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Қызылқоға ауданы әкімі аппаратында 2021 жылдың 8 айында аудан әкімдігімен –182 қаулы, аудан әкімімен – 22 шешім және –230 өкім қабылданды.

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ. Алайда ағымдағы жылдың 17 ақпанында №6-3-596 санды хатымен мемлекеттік тіркеуден өткен «Қызылқоға ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы» Қызылқоға ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 78 қаулысына (МТН №4368), «Қызылқоға ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы» Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 78 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылқоға ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 214 қаулысына (МТН №4481), ағымдағы жылдың 18 ақпанында №6-3-644 санды хатымен ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 1 «Қызылқоға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (МТН 4049) қаулысына, аудан әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 66 «Қызылқоға ауданы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (МТН 4132) қаулыларына ұсыныстар түсіп, қолданыстағы заңға сәйкестендіріліп, қалыпқа келтірілді.

  1. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

2021 жылы аудан әкімі аппаратының бюджетіне 220 366000 теңге қаржы қаралған. Оның ішінде: баға ұсынысын сұратумен-79, біркөзден сатып алу-100, тікелей келісім шартқа отыру арқылы сатып алулар-43. Ағымдағы жылы өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін 1 өнім берушіге қатысты талап арыз сотқа жолданды.

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің 2021 жылы 9 сәуірдегі №306 хаттамасына сай, «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аппаратының басшысына ҚР ӘҚБтК-нің 207 бабының 13 тармағына сәйкес айыппұл салынды.

Аудан әкімі аппаратына жүргізілген тексерулерге сәйкес, Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 2021 жылғы 18 тамыздағы №70 тексеру нәтижелері туралы актісіне сәйкес, Қызылқоға аудандық сотының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №2348-21-00-3/128 қаулысымен Қызылқоға ауданы әкімі аппаратына айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың есепті мерзімі ішінде қабылданған нормативтік актілерге қатысты Прокуратура тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

 

Қорытынды: Талдау жүргізу кезінде «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық тәуелкелділігі анықталған жоқ.

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың 8 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
30 сентября 2021