«Сағыз ауылдық округінің әкім Аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазанындағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік бұйрығына сәйкес, округ әкімінің 17.09.2021 жылғы №155 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізеді:

  1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
  2. Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
  3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияларымдар;
  4. Бөлемшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  5. Прокурорлық қадағалау актілері;
  6. Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзгеде мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

«Сағыз ауылдық округі әкім Аппарат ы» мемлекеттік мекемесінде штат саны-24 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі-1, бас мамандар-6, келісім шарт бойынша-15 адам, 1-бас маман және 1- округ әкімі орынбасардың орыны бос тұр.

«Шұғыла» мәдениет үйінде мекемесінде штат саны-18 бірлікті құрайды. Атап айтқанда директор-1, мәдени қызметкер-7, келісім шарт бойынша-10 адам.

Мекемелерде жұмыстан босатылғандардың ешқайсысында сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқ.

Округ әкімі Аппарат ында, округке қарасты мемлекеттік мекемелерде жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы жүргізіледі.

«Сағыз ауылдық округі әкім Аппарат ы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша 2021 жылдың 5 мамырында Б.Т.Қияқбай бас маман қызметіне және 2021 жылдың 10 қыркүйегінде Ә.Х.Кеңесова  бас маман қызметіне тағайындалды.

 2021 жылдың 7 шілдесінде №115 өкім бойынша округі әкімінің орынбасары  Б.Т.Қолқабаев өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

 Бұл ретте талдау жүргізу барысында жұмысқа орналасқандар мен босатылғандардың сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқ екені анықталды.

«Сағыз ауылдық округінің әкім Аппарат ы» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2)   ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

 4)«Сағыз ауылдық округінің әкім Аппарат ы» мемлекеттік  мекемесі  әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу,  ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде  әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

         7)  шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

8) ауылдық округ аумағында орналасқан  мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

9) ауылдық  округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық  алдын алу іс-шараларын өткізу;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

11) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

12) ауылдық округ аумағындағы маңызды  мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

13) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

«Сағыз ауылдық округінің әкім Аппарат ы» мемлекеттікмекемесініңөз қызметін     атқаруда  келесі  нормативтік  құқықтық  актілерді  қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

-Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы  Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

«Сағыз ауылдық округі әкім Аппарат ы» мемлекеттік мекемесінде қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ, мемлекеттік қызметшілерден шағым  түспеген.

«Сағыз ауылдық округі әкім Аппарат ы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін  ішкі талдау  нәтижелеріне сәйкес  мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылған жоқ және ешқандай сыбайлас  жемқорлық  фактілері тіркелген жоқ.

«Сағыз ауылдық округі әкім Аппарат ы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша осы жолдың шілде тамыз айларын қосқанда барлығы 851 қызмет көрсетілді. Ал жыл басынан бері 33-жеке тұлғалардың өтініштері, 2-ұжымдық өтініш қабылданды, өкім-155, шешім-75 шығарылды.2021 жылы мекеме қызметкерлеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормала анықталған жоқ және көрсетілген қызметтер бойынша қызметкерлердің үстінен шағым түскен жоқ.

«Сағыз ауылдық округі әкім Аппарат ы» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында 71-1-47 сенім телефоны және журналмен арнай сенім жәшігі орнатылған. Жыл ішінде ауыл тұрғындарынан ешқандай шағым, ұсыныс-пікірлер болған жоқ.

Келіп түскен өтініштерді қарап талдау жөнінде комиссия құрылып, тексеріліп қатаң бақылдауда болады. Округ әкімінің қабылдау кестесі әр тоқсан сайын бекітіліп отырады.

 

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 

«Сағыз ауылдық округінің әкім Аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама
Дата публикации
28 сентября 2021