1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі – Тасшағыл ауылдық округінің әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелер.
2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы.
Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 114а–өкімімен бекітілген, аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:
Жұмыс тобының басшысы:
Изимова Гулшара Надировна-округ әкімі;
Жұмыс тобының мүшелері:
Кожахметов Дастан Бактыгалиевич-бас маман;
Куанов Роллан Ескайрович-бас маман;
4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.
4)Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны - 4; Олар: 4 мемлекеттік қызметкер (округ әкімі 1 және 3 бас маман) мен 15 келісім-шарт негізінде қызметкер (іс-жүргізуші, тазалықшы, автокөлік жүргізушісі, шаруашылық меңгерушісі, есепші, қарауылшықтар,) барлығы 15 қызметкер жұмыс істейді. Ведомстволық бағыныстағы мекемелерде барлығы 3 қызметкер жұмыс істейді.
«Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне ағымдағы жыл ішінде кадрлардың келуі орын алды.
-01.02.2021 жылы округ әкімінің №11 өкімімен от жағушылар К.Смагулов, Н.Бекмаганбетов, А.Изимов округ әкімі аппаратының қарауылшық қызыметіне ауыстырылды.
-02.02.2021 жылы округ әкімінің №12 өкімімен Т.Тілеш, Р.Куанова округ әкімі аппаратының от жағу жүйесіне жұмысқа алынды.
-02.02.2021 жылы округ әкімінің №13 өкімімен Е.Салихов, Қ.Елеусинов, С.Жангалиев округ әкімі аппаратының қарауылшық жұмысқа алынды.
-04.02.2021 жылы округ әкімінің №17 өкімімен М.Нысанов округ әкімі аппаратының от жағу жүйесіне жұмысқа алынды.
-05.02.2021 жылы округ әкімінің №18 өкімімен К.Куншуаков округ әкімі аппаратының аула сыпырушы болып жұмысқа алынды.
МҚКК Тасшағыл ауылдық клубының штат саны 2/1. Атап айтқанда клуб әдіскері-1, музыкалық жетекші-1 адам, 1-есепші қызмет етеді.
2021 жылдың есепті мерзімі бойынша округ әкімінен барлығы 115 өкім және 26 шешім шығарылған.
2) Мүдделер қақтығысы жоқ.
3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
Округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталады.
Округ әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Аппараттағы материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақталады.
Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
«Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 9 айы бойынша жеке тұлғалардан 17 арыз түсіп, оның ішінде 6 -і оң шешілсе, 11-не заң шеңберінде түсіндірілген.
«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды: