ОЙЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

  1.  

1.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі - Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі 2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

         Ойыл ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 30 тамыздағы                             №108 өкімімен бекітілген, аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

         3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

         Жұмыс тобының басшысы:

         Жексенов Мағжан Абызұлы – округ әкімі, жұмыс тобының төрағасы;

         Жұмыс тобының мүшелері:

         Дәрібаев Ақниет Дәрібайұлы - округ әкімі аппаратының бас маманы;

         Саламатова Гүлдана Салаватқызы-округ әкімі аппаратының бас маманы;

         Айжарықов Мереке Әбуұлы – ардагерлер кеңесінің төрағасы;

         4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

         1) Округ  әкімі  аппараты  және  ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін  реттейтін  заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

         2) персоналды  басқару,  мүдделер  қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

         3) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

         Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

         Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен  нормалар  анықталған жоқ.

         4)Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

         Дербес  бөлім  ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

         Округ   әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны - 6;  Олар:                                 6  мемлекеттік  қызметкер   (округ  әкімі  және 5 бас маман)  мен  15 келісім-шарт  негізінде  қызметкер  (іс-жүргізуші,  тазалықшы,  автокөлік жүргізушісі, қарауылшықтар) барлығы  21 қызметкер  жұмыс  істейді.

«Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық  қызметінде  ағымдағы жыл  ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.

         - 16.04.2021 жылы округ әкімінің №37 өкімімен келісім шарт негізінде маусымдық жұмысқа (газ операторы) қабылданған Ергалиев Оналдык Сагидоллаевич және Қарасартов Ерлан Байшеркешович сәуір айының                    16- сынан бастап жұмыстан босатылды.

         Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі тексерушілік органдармен анықталды:

-04.02.2021 жылғы округ әкімінің №11 өкімімен келісімшарт негізіндегі округ әкімі аппаратының күзетшісі Н.Мадияров өз міндетін тиісінше атқармағаны үшін «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылған. (Өкім көшірмесі жалғанды).

-23.02.2021 жылғы округ әкімінің №18 өкімімен округ әкімі аппараты бас маман-есепшісі Г.Тілеулесоваға өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылған. (Өкім көшірмесі жалғанды).

         Ұсыныстар назарға алынып кемшіліктер жойылды.

         2021  жылдың есепті мерзімі бойынша округ әкімінен барлығы                   108 өкім және  20 шешім шығарылған.

         2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

         3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

         Округ  әкімі  аппаратындағы  мемлекеттік  қызмет  атқаратын тұлғалар мен олардың  жұбайларының  табыстары  мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы  тапсырылуы  қамтамасыз  етілген.  Сонымен бірге, аппаратта «Сенім телефоны»  жұмыс  жасайды.  Арыз-шағым жәшігі ілінген.

         Округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»  және  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталады.

         Округ әкімі аппаратының дәлізіне мемлекеттік органдар ғимараттарында ұялы телефондарды сақтауға арналған ұяшықтары орнатылды.

         Округ әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары  мүлтіксіз  сақтау  міндеттелген.  Аппараттағы материалдық құндылықтар өз деңгейінде сақталады.

         Округ әкімі аппараты бөлінген бюджет  қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Округ әкімі аппаратының негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде   123  мемлекеттік  сатып  алу  жұмысы  Заңға сәйкес өткізілді.

«Ойыл   ауылдық  округінің  әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде                          2021 жылдың  6 айы  бойынша жеке тұлғалардан  21 арыз  түсіп, оның  ішінде 11-і оң  шешілсе,  10-на  заң шеңберінде түсіндірілген.

  1. Қорытынды:

         «Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;
  3. Қолданыстағы заңнама  нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

ОЙЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
21 сентября 2021