«ЖАНГЕЛДИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ-НЕ 2021 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАУСЫМ АЙЛАРЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 (бұдан әрі- №12 Бұйрық) бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Аталған №12 Бұйрыққа сай, округ әкімінің 2021 жылғы 2 шілдедегі №98а  өкімімен келесі құрамда жұмыс тобы құрылды. Топ жетекшісі А.Багдаров, топ мүшелері: Ж.Куанышева, Д.Мурзагереев, Т.Қадиева (өкім көшірмесі қосымша ұсынылған).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы №12 Бұйрығының 8 тармағына сәйкес, округ әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырды:

1) округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) округ әкімі аппаратының қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) округ әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу 2021 жылғы 2 шілде аралығында жүзеге асырылды. Округ әкімі аппараты қызметінің 2021 жылғы 5 қаңтар-30 маусым айларында талданатын кезең болып табылды.

  1. Тексерілетін субъектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты:

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, округ әкімі Багдаров Аманкелди Оразбаевич.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

  1. «Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 15 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі - 1, бас мамандар – 3 адам, бас маман-есепші-1, техникалық қызметкерлер саны 10-адам жұмыс жасайды.

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.

Округ әкімінің 09.02.2021 жылғы №18 өкімімен А.Утетлиева округ әкімі аппаратының статистик лауазымынан босатылды. Округ әкімінің 09.02.2021 жылғы №19 өкімімен Г.Ескалиева округ әкімі аппаратының статистик лауазымына қабылданды. Г.Ескалиева Округ әкімінің 22.02.2021 жылғы №25  өкімімен округ әкімі аппаратының статистик лауазымынан босатылды. Округ әкімі аппаратының 22.02.2021 жылғы №26 өкімімен Г.Ескалиева округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісінің міндетін уақытша атқарушы етіп қабылданды. Округ әкімінің 01.02.2021 жылғы              №36 өкімімен А.Ихсанов округ әкімі аппаратының аула сыпырушы қызметіне қабылданды. Округ әкімінің 19.04.2021 жылғы №55 өкімімен М.Утепбергенова округ әкімі аппаратының басшы хатшысының міндетін уақытша атқарушы етіп қабылданды. Округ әкімінің 09.09.2021 жылғы №131 өкімімен Н.Аманғалиұлы округ әкімі аппаратының автомобиль жүргізушісі қызметіне қабылданды.

Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқтығы анықталды.

  1. «Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2)   ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

           4) «Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі  әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу,  ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде  әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

            8)  шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан  мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық  округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық  алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды  мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

  1. «Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер мен заңдарды және Кодекстерді қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы                                 №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы  Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

  1. «Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге арнайы жадынамалар ілінген. Д.Асанғалиев көшесіне баннерлер ілінді.
  2. «Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер бойынша ағымдағы жылдың 6 айында округ әкімдігімен 123 нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде 97 өкім, 26 шешім қабылданды.
  3. «Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.
  4. «Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 6 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардан 12 өтініш түскен. Оның ішінде: жеке тұлғалардан - 12, заңды тұлғалардан – арыз түспеген. 12 өтінішке заң шеңберінде жауап берілген.

Әкім аппаратында Е-өтініш, Е-лицензия базасы қолжетімді жұмыс жасайды. Е-лицензия арқылы өтініш түскен жоқ. Е-өтініш арқылы 2 өтініш түсіп, заң шеңберінде түсінік берілді. Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратының құзіретіне мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес                            5 мемлекеттік  қызмет   түрлерін   көрсету бекітілген. Қазіргі таңда 5 мемлекеттік қызметтің «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» қызметі ғана жүзеге асырылып отыр. 2021 жылдың алты айында 15 өтініш түсті. Аталған өтініштер аудандық жер комиссиясына жолданып, өтініш иелеріне заңға сәйкес жауаптары берілді. Қалған қызметтер бойынша өтініш түскен жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ауыл тұрғындарына насихаттау бағытында округ әкімінің аппаратында заңдылықтар ілінген стенд, БАҚ мақалалар, көшелерге баннер ілінсе facebook,telegram әлеуметтік желілеріне ақпараттар салынып, брошюралар таратылды. Сонымен қатар округ әкімінің аппаратында «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы бар, бұрыш қажетті жабдықтармен жабдықталып, маман бекітілген.қазіргі таңда қызмет көрсету бұрышы арқылы ЭСҚ алған тұрғындар-216; ЭҮП-200 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты арқылы округ әкімі аппаратының талап қоюуымен жауапкер «Крафт Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігігін мемлекеттік сатып алуға жозықсыз қатысушы деп тану және келісім шартты бұзу туралы арыз берілді.

Ауылдың кірме жолының 1000 метр бөлігін жарықтандыру үшін 2021 жылы қаржы бөлініп, жарық шамдар қондырылып, іске қосылды.Сондай-ақ ауылды көгалдандыру мақсатында 200 дана тал көшеттері парктерге отырғызылды. Округ тазалығын сақтау мақсатында 30 дана тұрмыстық қатты қалдықтар салатын континерлер алынып, ауыл көшелеріне қойылды.

Кіріс және шығыс хат-хабарлары бойынша

Округ әкімінде қызметтік іс жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы                         31 қаңтардағы №168 қаулысымен бекітілген Кеңседе іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.Кіріс және шығыс хат-хабарлары бойынша 2021 жылдың 6 айында округ әкімі аппаратына 413 құжат кірістеліп, 529 құжат жіберілді.

«ЖАНГЕЛДИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ-НЕ 2021 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАУСЫМ АЙЛАРЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Дата публикации
21 сентября 2021