Қазіргі заман маскүнемдік пен алкоголизмге тәуелді адамдардың емес, керісінше ақыл мен білімнің арқасында, дамушы ортаны қалыптастырушы көшбасшылардың ортасы. Әлем күннен күнге дамып, адамдар көшбасшылыққа таласып, үнемі ізденісте, талпыныста жүрседе, қоғамнан тыс бейтарап күйде күн кешетін азаматтар аз емес. Бұл өз кезегінде адамдардың нашар әдеттерге тәуелділігін арттыруда.
Біз өз кезегімізде алкоголизм мен маскүнемдікке төмендегідей түсінік бере кетсек:
Алкоголизм – бұл созылмалы ауру, ол спиртті ішімдіктерін жиі ұдайы ішуден оған деген құштарлықтан пайда болады. Әлеуметтік мәні жағынан алғанда алкогализм-денсаулыққа, тұрмысқа, еңбек пен қоғам игілігіне зиянды әсерін тигізетіндей дәрежеде спиртті ішімдіктерін ұдайы ішу болып табылады. Алкогольге салынып ішу нәтижесінде ол жұмыс тиімділігін жоғалту және қоғамдық өмірде, жанұяда өзара қарым-қатынастарды үзуге, сол сияқты дене және психалық саулықтың кеселге шалдығуына әкеледі.
Маскүнемдік- спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмасқа да итермелейді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетеді. Маскүнемдік өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейеді: мастығы тарқағанда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз – өзінен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Адамдар маскүнемдікке салынбай тұрғанда оларға қолдау білдіріп, қоғамға араластырып көмек көмектесуіміз қажет.
Қасымова Ботакөз Асхатқызы
Мұқыр ауылдық округі әкім аппараты