Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс екендігі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында айтылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеу жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бүгінгі таңда онымен қоғам болып күресу мақсатында көптеген іс – шаралар қолға алынуда.
Аудандық орталық кітапханада осы мақсатта адалдық алаңы жұмыс жасайды. Адалдық алаңының басты ұстанымы - қоғамдағы орынсыз әрекеттерді болдырмау, оның алдын алу және окырмандар арқылы жас ұрпақ бойына сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын сіңіру болып табылады. Онда әр саладағы қоғам қайраткерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер өтіп отырады. Жыл ішінде осы бағытта арнайы бұрыштар жасақталып, әртүрлі онлайн шаралар оқырман назарына ұсынылып келеді.
Сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күрескенде ғана оның алдын алатын боламыз.