2021 жылдың 6 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы

                                                          «БЕКІТЕМІН»

 

 

 

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы ________ Е.Нуралин

«____»______ 2021жыл

 

 

2021 жылдың 6 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі (әрі қарай-Бөлім) басшысының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) Прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің штаттық  құрылымы – 10.

Атап айтқанда басшысы, 3 бас маман, статист, мұрағатшы, әдіскер, басшының хатшысы, курерь,  автокөлік жүргізуші.

Бөлім басшысының 2021 жылдың 6 айында 34 бұйрық шығарылып,            54 аудан әкімдігі қаулысының жобасы дайындалып әкімдіктің қарауына ұсынылып, қабылданды. Шығарылған бұйрықтар мен қабылданған қаулылар бойынша сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.

Бөлімнің басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілері                       ҚР 20.06.2003 жылғы Жер Кодексі, 23.11.2015 жылғы Еңбек Кодексі, 23.01.2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы, 06.04.2016 жылғы «Құқықтық актілер туралы» Заңдары,  Қызылқоға ауданы әкімдігінің 02.03.2017 жылғы №39 «Қызылқоға ауданы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысы.

2021 жылы 6 айында бөлімге қатысты құзырлы органдар арқылы                        1 тексеріс, 1 зерделеу болды.

1) Қызылқоға аудандық прокуратурасымен 2015-2020 жылдар аралығында жайылымдық алқаптарды беру кезінде заңдылықтардың сақталуы, пайдаланылмайтын жайылымдарды анықтау бойынша бақылаудың және оларды шаруашылық қызметке тартудың тиімділігіне тексеріс жүргізілді:

Нәтижесінде: Заң бұзушылық ұсыныста көрсетілген кемшіліктер заң бойынша қалпына келтіріліп,бөлім басшысына Е.Нуралинге ескерту түрінде шара қолданылды. Жалпы тексеріс қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері анықталмады.  

2) Қызылқоға аудандық прокуратурасымен 2018-2020 жылдары және 2021 жылдың өткен мерзімінде конкурс және аукцион арқылы сатылған жер учаскелері бойынша тұлғалармен мемлекет бюджетіне төленген төлемдер бойынша талдау жүргізілді.

Нәтижесінде: Талдау барысында анықталған кемшіліктер қалпына келтіріліп, бөлімнің бас маманы Ж.Махметоваға ескерту түрінде шара қолданылды. Жалпы тексеріс қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері анықталмады.

Сонымен қатар, ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінде Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасымен 2020 жылдың кезеңіне сәйкес 1-ТӨ есеп нысанды мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бөлім бойынша «заңды тұлғаның өтінішінің мәртебесі азамат болып» көрсетілгені анықталып, аппарат басшысының 19.01.2021 жылғы №07-01-04-02/45 хатымен берілген тапсырмасына орай бөлімнің бас маманы С.Бағытжановқа ескерту түріндегі шара қолданылды.

2021 жылдың 6 айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты «Қызылқоға» газеті бетіне және Atyrau.gov.kz интернет ресурсына 1 рет «Әділетті болу керек» тақырыбында                              (№9 04.03.2021 ж.) мақала  жарияланды.

Бөлімге 2021 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардан  өтініш түскен жоқ.  

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

Бөлім бойынша 13 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.                      2021 жылдың 6 айында барлығы 549 қызмет көрсетілді.

1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту - 123;

2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 7;

3) Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлікті обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 192;

4) Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру – 35;

5) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 73;

6) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру – 0;

7) Жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 3;

8) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» - 0;

9) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 0;

10) Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру – 0;

11) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 0;

12) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 2.

13) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 114, мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

          Есепті мерзімде аудандық жер комиссиясы 10 рет өткізілді. 94 өтініш қаралып, нәтижесінде 88 өтініш қанағаттандылырылып, 6 мәселеге заң шеңберінде қанағаттандырудан бас тартылды.  

2021 жылы жер учаскелерін сату немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын сатып алу үшін сауда саттық (аукцион) электронды форматқа көшірілді. Есепті жылда электронды түрде 1 рет аукцион ұйымдастырылды. Заң бұзушылықтар болған жоқ.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. 

        

        

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының жетекшісі ___________ Ж.Әжіғалиева  

  

«______»      ________  2021 жыл   

     

   

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі ___________ С.Бағытжанов  

 

«______»      ________  2021 жыл                    

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі ___________ Ж.Махметова  

 

«______»      ________  2021 жыл         

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген, бөлімнің

әдіскері, жұмыс тобының мүшесі

 ___________ А.Қуанов  

  

«______»      ________  2021 жыл                    

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген, бөлімнің

мұрағатшысы, жұмыс тобының мүшесі

 ___________ Қ.Нұрланов  

  

«______»      ________  2021 жыл                    

2021 жылдың 6 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы
Дата публикации
01 сентября 2021