БЕКІТЕМІН:
«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы_________Д.Нығметов «___»_______________ 2021 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша
анықтама
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі (әрі қарай-Бөлім) басшысының 2021 жылдың 26 тамыздағы №128 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:
1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) сот актілері;
7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.
-өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы бойынша.
Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының міндетін атқарушы Ғ.Бекмұхановтың 2021 жылдың 4 тамызындағы №90 аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізуге тапсырмасымен тексерілген құрылыс нысандарынан кемшіліктер анықталмады.
- есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау бағытында аудандық «Қызылқоға» қоғамдық-саяси газетіне және Қызылқоға ауданы әкімдігінің веб сайтына мақалалар берілді.
- есепті кезеңде Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардан ұсыныс, арыз-шағымдар түскен жоқ. Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып, аудан әкімі аппаратына мерзімінде есебі тапсырылып отыр.
- есепті кезеңде прокурорлық қадағалау актілері және сот актілері болдыратын жағдайлар орын алған жоқ.
-Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің штаттық құрылымы 6 мемлекеттік қызметшіден тұрады. Атап айтқанда, бөлім басшысы 1 бірлік, сектор меңгеруші 1 бірлік, бөлімнің бас маманы 3 бірлік, бас маман есепші 1 бірлік. Қазіргі таңда бас маман есепші бірлігі вакант.
Есепті кезеңде, 2021 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында мемлекеттік қызметкерлермен (бас маман) техникалық қызметркелер жұмысқа орналасу жағдайы орын алмады.
Бөлімде 2021 жылдың 6 айында 102 бұйрық қабылданған. Қабылданған бұйрықтарда сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ. «Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сенім телефоны және оған жауапты қызметкердің аты-жөні тұрақты түрде жергілікті баспасөз беттерінде жариялануда. Сенім сымтетігі толықтай жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін мәліметтер түскен жоқ.
Бөлім бойынша есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жариялануда. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлығы 36 конкурс жарияланды. Конкурстарды камералық бақылау нәтижесінде барлығы 15 ескерту беріліп, 1 конкурстың техникалық ерекшелігіне, 12 конкурстың нәтижесіне өзгеріс енгізіліп, 2 конкурс тоқтатылды. Жауапкершілікке тартылуға жататын құқық бұзушылықтар орын алмады.
Бөлім арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталмады.
Жоғарыда айтылғандай, бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.
|
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының жетекшісі___________ А.Б.Бейбітов
|
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының мүшесі___________ У.К.Карин |
«____» ____________ 2021 жыл «____» ______________ 2021 жыл
|
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының мүшесі___________ О.С.Нәбиева
|
|
«_____» ______________ 2021 жыл