ТАЙСОЙҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУІПТЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

                                                                              «БЕКІТЕМІН»

Тайсойған ауылдық округінің әкімі_________М.Куанишов

«     » __________ 2021 ж.

  

Тайсойған ауылдық округі әкімінің аппаратындағы СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУІПТЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

          1.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі - Тайсойған ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелер.   

          2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.   

          Тайсойған ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 15 шілдедегі                            № 67–өкімімен бекітілген, аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.         

          3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:   

          Жұмыс тобының басшысы:        

          М.Куанишов– округ әкімі;       

          Жұмыс тобының мүшелері:     

          У.Нухесова – бас маман;       

          Ж.Шаденова – бас маман – есепші.    

          4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:   

          1) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін  реттейтін  заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;    

          2) персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;   

          3) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

          Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

          Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен  нормалар  анықталған жоқ.

          4)Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

          Дербес  бөлім  ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.     

          «Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны –  10 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 2 адам,  келісім-шарт қызметкерлер саны - 8 қызметкер (шаруашылық меңгерушісі, іс-жүргізуші, тазалықшы,  автокөлік жүргізушісі, қарауылшық) жұмыс істейді.

«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық  қызметінде  ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды. 

  - 01.04.2021  жылы округ әкімінің  №25 өкімімен Елтүзеров Жалғас  өз арызына сай  жұмысынан  босатылды.   

-08.04.2021жылы Саматов Манас Саматұлы округ әкімі аппаратының шаруашылық маманы қызметіне тағайындалды.                           

         Округке қарасты барлық мекемелерде ұсыныс-пікір мен шағым жәшіктері орналастырылып, арыз-шағымдар электронды түрде жүзеге асырылып отыр. 

           Тайсойған ауылының орталығындағы Ғ.Сланов көшесінде (Antikor Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Егер сіз жемқорлыққа тап болсаңыз, осы нөмірге хабарласыңыз» Gall-Орталық 1424 қоңырау шалу тегін, #ПАРА БЕРМЕ #НЕ ДАВАЙ ВЗЯТКИ тақырыбында), «Адал көмек» жобасы,  баннер орнатылды.

          Тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени мекемелердің ақпарат бұрыштарында және кіре беріс есіктеріне арнайы жадынамалар ілінді. 

           МҚКК «Тайсойған ауылдық клубы» мекемесіндегі штат саны - 5. Атап айтқанда мекеме директоры – 1 адам, көркемдік жетекші – 1 адам, әдіскер – 1адам, есепші -1 адам,  еден жуушы – 1 адам қызмет етеді.       

           2) Мүдделер қақтығысы жоқ.          

           3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.      

           2021 жылдың есепті мерзімі бойынша округ әкімінен барлығы 59 өкім және 5 шешім шығарылған.   

           2) Мүдделер қақтығысы жоқ.       

           3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

           Округ  әкімі  аппаратындағы  мемлекеттік  қызмет  атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы  тапсырылуы  қамтамасыз  етілген.  Сонымен бірге, аппаратта «сенім телефоны»  жұмыс  жасайды.  Арыз-шағым жәшігі ілінген.   

            Округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»  және  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталады.       

          Округ әкімі аппаратының дәлізіне мемлекеттік органдар ғимараттарында ұялы телефондарды сақтауға арналған ұяшықтары орнатылды.        

          Округ әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Аппараттағы материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақталады.         

          Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бөлінген бюджет  қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.             

Округ әкімі аппаратының негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде  8  мемлекеттік  сатып  алу  жұмысы  Заңға сәйкес өткізілді.      

«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 6 айы бойынша жеке тұлғалардан  16 арыз  түсіп,  заң шеңберінде түсіндірілді.  

  1. Қорытынды:       

          «Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:           

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;     
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;          
  3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.          

 

        Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

        ішкі талдау жүргізген,

        жұмыс тобының басшысы:                      __________ М.Куанишов

        «____»      ________  2021 жыл 

 

        Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

        ішкі талдау жүргізген, 

        жұмыс тобының мүшесі:                            ___________  У.Нухесова

         «____»  _________      2021 жыл

 

        Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

        ішкі талдау жүргізген,

        жұмыс тобының мүшесі:                              ___________ Ж.Шаденова

        «______»      ________  2021 жыл                                  

ТАЙСОЙҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУІПТЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
27 августа 2021