«БЕКІТЕМІН»
Қызылқоға ауылдық округінің әкімі_________З.Шаликов
« » __________ 2021 ж.
қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппаратындағы СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУІПТЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
1.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі - Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелер.
2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.
Қызылқоға ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 15 шілдедегі №58–өкімімен бекітілген, аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:
Жұмыс тобының басшысы:
З.Шаликов– округ әкімі;
Жұмыс тобының мүшелері:
К.Кайруллин – бас маман;
Д.Әнетова - бас маман;
А.Шаткарина – бас маман – есепші.
4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;
2) персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;
3) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.
4)Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:
Дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 12 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 3 адам, келісім-шарт қызметкерлер саны - 8 қызметкер (шаруашылық меңгерушісі, іс-жүргізуші, тазалықшы, автокөлік жүргізушісі, қарауылшық) жұмыс істейді.
Округке қарасты барлық мекемелерде ұсыныс-пікір мен шағым жәшіктері орналастырылып, арыз-шағымдар электронды түрде жүзеге асырылып отыр.
Қарабау ауылының орталығындағы Ә.Игілікұлы көшесінде (Antikor Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Егер сіз жемқорлыққа тап болсаңыз, осы нөмірге хабарласыңыз» Gall-Орталық 1424 қоңырау шалу тегін, #ПАРА БЕРМЕ #НЕ ДАВАЙ ВЗЯТКИ тақырыбында), «Адал көмек» жобасы, «Elin ushin qyzmet et» jemqorlyqqa jol berme», «Atyrau – adaldyq alany», баннер орнатылды.
Тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени мекемелердің ақпарат бұрыштарында және кіре беріс есіктеріне арнайы жадынамалар ілінді.
МҚКК «Еспай» мәдениет үйі мекемесіндегі штат саны - 5. Атап айтқанда мекеме директоры-1адам, көркемдік жетекші-1адам, әдіскер-1адам, есепші-1 адам, еден жуушы-1адам қызмет етеді.
2) Мүдделер қақтығысы жоқ.
3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
2021 жылдың есепті мерзімі бойынша округ әкімінен барлығы 78 өкім және 26 шешім шығарылған.
2) Мүдделер қақтығысы жоқ.
3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
Округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, аппаратта «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.
Округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталады.
Округ әкімі аппаратының дәлізіне мемлекеттік органдар ғимараттарында ұялы телефондарды сақтауға арналған ұяшықтары орнатылды.
Округ әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Аппараттағы материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақталады.
Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Округ әкімі аппаратының негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде 37 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.
«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 6 айы бойынша жеке тұлғалардан 5 арыз түсіп, оның ішінде 4 –і оң шешілсе, 1-не заң шеңберінде түсіндірілді.
«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген,
жұмыс тобының басшысы: __________ З.Шаликов
«____» ________ 2021 жыл
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген,
жұмыс тобының мүшесі: ___________ К.Кайруллин
«____» _________ 2021 жыл
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген,
жұмыс тобының мүшесі: ___________ Д.Әнетова
«______» ________ 2021 жыл
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген,
жұмыс тобының мүшесі: ___________ А.Шаткарина
«____» _________ 2021 жыл