«Түнгі қаладағы балалар» рейд
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты, қараусыздық пен панасыздықты болдырмау және алдын алу, бала еңбегін қанауға қарсы, жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу білім алудан бас тартатын балаларды анықтау мақсатында 2021 жылдың басынан бері «Түнгі қаладағы балалар» атты аудан көлемінде рейдтер ұйымдастырылып келеді.
Осы аталған рейдке кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, округ мамандары, мектеп инспекторлары, мектеп және балабақша мамандары қатынасты.
Іс-шара барысында қолайсыз отбасылардың мекен-жайларын, базарларды, ойын-сауық орындарын, компьютерлік салондарды, автожанармай құю станциялары, көлік жуатын орындар, техникалық жөндеу орталықтары, бос тұрған ғимараттар, жастар көп жиналатын барлық жерлер қамтылды.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер және ата-аналары немесе қамқоршыларына түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз жүруге тыйым салынғаны жөнінде ата–аналарға, жасөспірімдерге түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және панасыз қалудың, жазғы демалыс кезіндегі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері 2021 жылдың 23-28 маусым аралығында рейдке шықты.
Рейд кезінде ішімдік ішуді жиі пайдаланатын отбасыларын, оқу жылы ішінде себепсіз сабаққа келмегені анықталған балалардың және бала тәрбиесінде ата –ана жауапкершілігі аз отбасыларына рейд ұйымдастырып, зерделепғ түсінік жұмыстары жүргізілді.