Қызылқоға ауданының білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары
Аудандық білім бөлімі. аудандық полиция бөлімі және аудандық ауруханамен бірлесе отырып «2021 жылға арналған кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және зорлық-зомбылық фактілерін алдын алу және болдырмау жөніндегі ведомствоаралық жылдық жоспар жасақталып, сол жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде.
Кәмелетке толмаған қиын жағдайға тап болған балаларға (зорлық –зомбылық, құқықбұзушылық) психологиялық көмек көрсету, жалпы балалардың құқықтарын қорғау мақсатында 18 «Сенім жәшіктері» және 14 «Сенім телефондары» және «Жедел желі» жұмыс жасап тұр.
Білім беру ұйымдарының сенім телефондары мен сенім жәшіктер туралы әлеуметтік желіге және жергілікті «Қызылқоға» газетіне жарияланды.
«Зорлық - зомбылықсыз күн» апталығы өтті, оның мақсаты оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықтық алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету. Осы мақсатта мектеп оқушылары арасында жар газеттері шығарылып, ең үздік салған оқушыны мектеп әкімшілігі атынан марапатталды, сонымен қатар мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтардың ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбында ата-аналар мен ішкі істер қызметкерлерінің қатынасуымен 18 дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде балалардың өмір сүру деңгейі және отбасындағы балаларға физикалық жағынан жағынан көңіл қоймау жағдайлары талқыланды. «Өз құқығынды білесің ба?» тақырыптарында 5-11 сынып оқушылары арасында 14 сауалнамалар жүргізілді.
Жалпы білім беру ұйымдарында ата-аналар жиналысында сынып жетекшілердің, мектеп психологтарының қатысуымен қазіргі таңда жасөспірімдер арасында ерте жастан жүктілік,өздерінің ашуын басқара алмай өз-өздеріне қол жұмсау, ерте жастан тұрмыс құру мәселелері туралы ата-аналарға психологиялық кеңестер берілді. (45 шара)
10-11 сынып оқушылары арасында онлайн форматта WhatsApp желісі арқылы «Қыз бала тәрбиесі» бейне роликтер арқылы түсінік жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: қыз баланы қырық үйден тию, иманды болуға сыпайы болуға тәрбиелеу. (32 шара)
8 сынып оқушылары арасында «Өзін тәрбиелеу – өмір талабы» қыз балалардың өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін бағалау арқылы өмірге бейімдеу мақсатында оқушыларға кеңестер берілді. (18 шара)
«Жалын» жастар денсаулық орталығы (ЖДО) мамандарымен бірлесіп, жоғары сынып қыз балаларына «Ерте жастағы жүктіліктің алдын» тақырыбында қашықтықтан кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге аудандық емхананың гинеколог дәрігері С.А.Сақтағанова, мектеп инспекторлары, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар қатынасты.
Дәрігер оқушы қыз балаларға ерте жыныстық қатынас, ерте жүктілік және оның зардаптары туралы маңызды мағлұматтар беріліп, статистикалық жағдайлар айтылды. Арнайы дайындалған слайд арқылы қосымша ақпараттар көрсетілді. Мектеп инспекторы да заң шеңберінде түсінік берді, (21 шара)
Ақпан айында 15-20 аралығында білім беру ұйымдарында «Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу», «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу», «Қыз бала тәрбиесі» тақырыптарында 8-11 сынып қыз балалары арасында ZOOM платформасы арқылы директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, медбике, мектеп инспекторларымен бірлесе онлайн түрінде 14 шара өтті. Бұл шараның мақсаты: Ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан- жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу. Ерте жастағы жүктілік, оның алдын алу жолдары туралы оқушыларға айтып, ерте тұрмыс құру қыз бала денсаулығына аса зиян екенін түсіндіру.
Наурыз, сәуір айларында барлық білім беру ұйымдарында аудандық білім бөлімінің бас маманы Нұғманова Бақтыгүл Бағытжанқызы, аудандық полиция бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювенальды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы Байжан Бекзат Қаржауұлы, аудандық емхананың гинеколог дәрігері С.А.Сақтағанова және мектеп психологтары, мектеп инспекторлары, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтардың қатысуымен онлайн режимде ата –аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің, ерте отбасын құру туралы және жасөспірімдердің беймезгніл уақытта көшеде жүру туралы мәселелер талқыланды және түсіндірілді.
Дәлелсіз себептермен сабаққа қатыспай жүрген (оқумен қамтылмаған) оқушылардың есебі ай сайын алынады, егер сабаққа келмеген жағдайда себептері анықталып отыр. Оқушылардың сабаққа қатысы туралы облыстық білім беру басқармасына ай сайын жолданып отырады.
Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында тәуекел топтарындағы отбасылар үнемі мектепішілік бақылауда.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, күш көрсету фактілері белгілі болған жағдайда жедел құзырлы органдарға хабарлау туралы білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлер ақпараттандырылды.
Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша педагогикалық ұжымдар мен мектеп инспекторларының қатысуымен бірлескен түрде «Жасөспірім және заң», «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», «Балалардың қараусыздығы»,«Қауіпсіз жол», «Заңға мойынсынушылық мінез-құлық – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында 28 дәрістер ұйымдастырылды.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және зорлық-зомбылық фактілерін алдын алу және болдырмау бағытында атқарылған жұмыстардың орындалу барысы туралы мектеп директоры жанындағы отырыстарда жоспар бойынша қаралып отырады.
2021 жылы 21-23 сәуір аралығында жасөспірімдер арасында жыныстық тәуелсіздігін қорғау мақсатында «Жанұя және бала» тақырыбында рейд ұйымдастырылды.
Құқық бұзушылықтың алдын алып бірлесе жұмыс жасау мақсатында мектептерге бала санына байланысты учаскелік полиция инспекторлары тағайындалды.
Қазіргі таңда кәлеметке жасқа толмағандар есебінде тұрған оқушы жоқ. Сынып жетекшілер, психологтар оқушылармен және ата –аналарымен де тығыз байланыста жұмыс жасап келеді.
Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар және оларға қатысты қылмыстарды болдырмау мақсатында қашықтықтан мектеп инспекторларымен бірлесе отырып ата –аналар жиниалысы өткізілді, сонымен қатар оқушылар арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер және ата-аналары немесе қамқоршыларына түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз жүруге тыйым салынғаны жөнінде кең көлемде мектеп инспекторының жиналыс өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді және рейд өткізілді.
Аудандық білім бөлімі фейсбук желісінде «Бала тәрбиесіндегі ата –ана жауапкершілігі» тақырыбында кеңінен мақала жарияланды.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, 2021 жылдың 12-18 ақпан аралығында аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» атты кең көлемді акциясы өткізілді..
2021 жылғы 19 ақпанда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының қорғалуы» тақырыбында қашықтықтан (онлайн режимде) дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға аудандық білім бөлімінің бас маманы, аудандық білім бөлімінің балалар құқығын қорғау жөніндегі әдіскері, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювенальды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, әлеуметтік педагогтар, психологтар, мектеп инспекторлары және қамқорршы-қорғаншылар қатысты. Дөңгелек үстелде бала құқықтары мен қауіпсіздігі, кәмелттке толмағандар арасында қылмыстардың және зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы тақырыптар талқыланды.
Барлық білім беру ұйымдарында бейнебақылау камералары толық қамтылған, сонымен қатар турникеттер орнатылған.
2021 жылы 21-23 сәуір аралығында жасөспірімдер арасында жыныстық тәуелсіздігін қорғау мақсатында «Жанұя және бала» және 2021 жылы 23-25 сәуір аралығында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты, қараусыздық пен панасыздықты болдырмау және алдын алу, бала еңбегін қарауға қарсы, жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу білім алудан бас тартатын балаларды анықтау мақсатында Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия мүшелерімен бірлескн түрде «Түнгі қаладағы балалар» атты рейд жүргізілді.