Жемқорлық індет, жою міндет

Жемқорлық індет, жою міндет

       Қазақстан мемлекеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдаған алғашқы ел. Сыбайлас жемқорлық бүгін немесе кеше пайда болған құбылыс емес, кез келген қоғамды ішінен үңгитін кесел барлық мемлекеттерге тән және тамырын тереңнен тартқан құбылыс.

      Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірг өсіп – өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын тереңге жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдердің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

      «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе – бет келеді. Сондықтан, кез келген пара беру мен пара алудың  жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

       Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі сыбайлас жемқорлықпен күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

      Ауданымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру барысында іс-шаралар  жоспарын орындауда және жүзеге асыруда қоғам болып бірлесіп атқарар жұмыстар жеткілікті болып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар, яғни жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру жолдарын талқыға салатын дөңгелек үстелдер, жиындар, семинарлар түрінде шараларды жиі өткізу де маңызды роль атқаруы тиіс. Өйткені әрбір мемлекеттік орган, басқа да ұйымдар осындай іс шараларды ұйымдастыру барысында материалдар жинақтап, баяндамалар дайындайды, жемқорлықтың зардабы мен зияны жөнінде тыңдаушыларға кеңінен жеткізу басты мақсат болып табылады.

       2020 жылдың 27 қарашасы күні мемлекеттік қызметтің с апасын көтеруді, халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа жол  бермеу мақсатын көздейтін жоба – «Сервистік әкімдік» ашылды. Бұл жобаның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландырып және азаматтарға қолайлы жағдай жасалуымен ерекше. Яғни, бұл жерде атқарушы билік өкілдерінің жергілікті тұрғындармен бетпе – бет отырып жұмыс жасауына кедергі жоқ. Оның  үстінде шаруасы қауырыт адам аудан орталығының әр жерінде орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмай, қажетті қызметін бір ғимараттың ішінен тауып, ісін қиналмай -  ақ бітіруіне қол жеткізу мүмкіндігі  бар. Бөлім бойынша осы сервистік әкімдік ашылғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін 400-дің үстінде адамға кеңес беріліп, қызмет көрсетілді.

 

      Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте аса күрделілердің бірі болып табылады. Көптеген адамдар тұрғын үйсалу үшін жер телімі туралы, аудан  әкіміне қиын тұрмыстық жағдайларын, денсаулық жағдайын, күрделі материалдық жағдайын және т.с.с. ескере отырып, кезектен тыс жер телімін беру өтінішімен жолығады. Бірақ, заңнамада жер телімін алу тек кезектілік тәртібімен ғана беру көзделген.

        Қазіргі уақытта бөлімде "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй салу үшін жер теліміне кезекке қою электрондық форматқа ауыстырылған. Бұл шараларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бір бағыты болмақ.  

        Жемқорлыққа қарсы күрестің әсіресе мемлекеттік қызмет айналасында ұйымдастырылуы әбден заңды. Сондықтан  сыбайлас жемқорлықты жою әрбір азаматтың міндеті болып табылуы тиіс. Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық бағытындағы жүргізіп жатырған жұмыстарының тиімділігі, жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі. Қазақта «көп қорқытады, терең батырады» деген сөз бар. Көп болып қолға алатын болсақ, бұл кеселді әбден ауыздықтауға болады. Осы орайда барлық азаматтық, қоғамдық ұйымдар басымдық танытып, барша халық белсенділік танытуы өте қажет.

        Және де мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа бір кісідей бел сыбана кірісіп, еліміздің көркеюі мен өркендеуіне кедергі келтірмейтіндей жұмыстарды атқаруына  барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар әрбір мемлекеттік қызметші қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған иоральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс екенін естен шығармағанымыз абзал.

     Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдау, қоғамның барлық саласында  сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың сипатын, көрінісін болдырмау мақсатында, аудан басқа да аймақ тұрғындарының алдында  бөлімнің  жасап жатырған жұмыстары арқылы оң  көзқарас, жаңа бейне қалыптастыру үшін күштерін жұмсауда. Ол үшін бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары бекітілген.   

      Бөлімде көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер және аудан бойынша Бас жоспарлар арнайы стенде көрнекі жерде  орналастырылған.  Сыбайлас жемқорлықты болдырмау барысында, округ әкімдерінің, тұрғындардың өтініштері  бойынша  жергілікті жерде  кездесулер ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметтер жөнінде жадынамалар таратылады.

        Қолданысқа берілген   бас жоспарлары облыс әкімдіктің сайтына орналастырылған.

 

Әжіғалиева Жанар Нәренқызы- Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы

Жемқорлық індет, жою міндет
Дата публикации
13 августа 2021