«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы Акт

 «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды  жүргізу туралы

Акт

 

  1. Актінің жасалған күні, уақыты және орны: 08.2021 жыл сағат 10.00 де, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылы.
  2. Бақылау және қадағалау органының атауы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  3. Негізге алынып тексеру жүргізілген тексеруды тағайындау туралы актінің жасалған күні мен нөмері: 2021 жылдың 02.08.2021 жылғы округ әкімінің №173 өкімі.

 «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №14  қаулысымен алынған Ереженің  негізінде жұмыс  атқарады. 

  1. Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы Есқалиев Мереке Василийұлы - округ әкімі; округ әкімі аппаратының бас мамандары Нурлыбаевна Райхан Ескабыловна, Карон Әйгерім Арсыланқызы, Өтесінова Нұржамал Ерболқызы, Қасымова Ботакөз Асхатқызы.
  2. Тексерілетін субьектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің  аты:

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Есқалиев Мереке Василийұлы .

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны –11  бірлікті құрайды.  Атап айтқанда округ әкімі -1,  бас мамандар – 4 адам,  техникалық   қызметкерлер   саны 6  -  адам  жұмыс жасайды.

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық  қызметінде  ағымдағы жыл  ішінде кадрлардың ауысуы орын алған жоқ.

11.05.2021 жылы округ әкімінің №98-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Н.Өтесіноваға өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін сөгіс берілді.

31.05.2021 жылы округ әкімінің №115-ө өкімімен округ әкімі аппараты мекемесіне 2021 жылдың 1 маусымынан бастап 3 (үш) ай сынақ мерзімге округ әкімі аппаратының статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маман қызметіне Ермағанбетова Айгерім Серікқызы аудандық халықты жұмыспен орталығы директорының 31.05.2021 жылғы №214 жолдамасымен жұмысқа алынды.

21.06.2021 жылы округ әкімінің №140-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Ә.Каронға 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап 2021 жылдың 13 шілде аралығына кезекті еңбек демалысы берілді.

22.06.2021 жылы округ әкімінің №141-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Нұрлыбаева 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап 2021 жылдың 1 тамыз аралығында кезекті еңбек демалысына жіберілді.

22.06.2021 жылы округ әкімінің №142-ө өкімімен округ әкімі аппаратының шаруашылық меңгерушісі М.Сапаргалиевке 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап 2021 жылғы 27 шілде аралығына еңбек демалысы берілді.

МҚКК «Мұқыр ауылдық клубының» мекемесіндегі  штат саны 3,5.  Атап айтқанда мекеме директоры-1, мәдени жұмысты ұйымдастырушы -1 адам, көркемдік жетекші-1 адам(0,5),                     1 техникалық  қызметкер – 1 (0,5), есепші – 1 (0,5) қызмет етеді.

06.04.2021 жылы округ әкімінің №77-ө өкімімен «Мұқыр ауылдық клубының» МКҚ директоры А.Есенғалиға өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін ескерту берілді.

25.05.2021 жылғы клуб директорының №8 бұйрығымен мекеме есепшісі Ескалиева Жадыра Саматқызы өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

21.06.2021 жылғы клуб директорының №9 бұйрығымен мекеменің есепшісі Бақтыбаева Жайнагүл Абатқызы декреттік демалыстан шықты.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2)   ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

          4) «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік  мекемесі  әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу,  ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде  әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

            8)  шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан  мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық  округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық  алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды  мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда  келесі  нормативтік  құқықтық  актілерді  қолданған:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

-Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы  Әдеп кодексі;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

9.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық -басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.  

 10.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  ішкі талдау  нәтижелеріне сәйкес  мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылмаған.
  3. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 3 ай бойынша жалпы саны – 182 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
  4. Көрнекі жарнамалар бойынша округке қарасты мекемелерге, жеке тұрғындармен кездесулер өткізіліп, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы арналған жадынамаларды халық көп шоғырланған орындарға Казпочта, Мұқыр дәрігерлік амбулаториясына, Мұқыр ауылдық округ әкім аппартының ғимараттарына орналастырылды.

 Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Қызылқоға ауданы әкімдігінің фейсбук әлеуметтік парақшасында «Адал көмек» жобасы аясында онлайн форматта қабылдауы өткізіліп, тұрғындар сауалдарына жауап берілді.

Мұқыр ауылдық округі бойынша қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 2021 жылдың сәуір айында М.Зұлханов көшесіне «Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!» тақырыбында баннер орналастырылса, 22 маусым күні округ әкімі аппаратының фейсбук әлеуметтік желісіне «Жемқорлық-қоғамға қастық!» тақырыбында бейнеролик, 28 сәуір күні ұлы ойшылдардың сөздері жазылған жадынамалар орналастырылды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар,  квазимемлекеттік сектор субьектілері  сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-і,  Мұқыр орта мектебі,  МКҚК «Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы мекемесі   www. adaldyk.kz   тіркелген.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 3 айы бойынша жеке тұлғалардан  5 өтініш  түсіп, 4 өтінішке заң шеңберінде түсіндірілсе, 1 өтініш шешілді.

Азаматтардың  арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы   журнал  ашылған , 61-5-49   сенім телефондары  жария  етілген.

 

 Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының басшысы

 _____________________М.В. Есқалиев

«____» _______________ 2021 жыл

 

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Б.А. Қасымова

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Ә.А. Карон

 

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Н.Е.Өтесінова

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Р.Е. Нурлыбаева

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы Акт
Дата публикации
11 августа 2021