Қызылқоға ауданының 2021 жылғы қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Қызылқоға ауданы

Аудан әкімі – Бисембиев Нұрсұлтан Орақұлы, қызметін 2019 жылдың қараша айынан бастап атқарады.

Аудан 1944 жылы құрылды, аумағы – 20,6 мың шаршы шақырым.

2021 жылдың 1 маусымына ауданның халық саны – 30 892 адам.

Аудан құрамына 10 ауылдық округ, 26 ауылдық елді мекен кіреді.

 

Қызылқоға ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының

негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

қаңтар-маусым

2021 ж. қаңтар-маусымға %-бен

2020 ж. қаңтар-маусымға

Өнеркәсіп өнімінің көлемі,       млн.теңге

124 816

81 035

57686,4

92,9

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн.теңге

13 720,4

14 636,3

7576,3

102,5

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі, млн.теңге

19 471

25 853

6476,0

87,9

Орташа айлық еңбекақы*, теңге

188 462

238 712

281 225*

106,8

 

 

Ескертпе: * - 2021 жылғы қаңтар-наурыз

 

Қызылқоға ауданының 2021 жылғы қаңтар-маусым айындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемі 57 686,4 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 92,9%.
 
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 7 576,3 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,5%.
6731,6 тонна ет өндірілді немесе 2020 жылдың сәйкес мерзіміне
102,2%-ды құрады, сүт – 7776,5 тонна (101,8%), жұмыртқа – 269,1 мың дана (105,2%).

Мүйізді ірі қара мал басы – 37 153 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзіміне 104,3%-ды құрады, қой мен ешкі – 166 520 бас (102,3%), жылқы – 19 089 бас (106,4%), түйе – 1860 бас (100,1%).

 
Инвестициялық қызмет

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 6476,0 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 87,9%

Ауданда 5274 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл
2020 жылдың сәйкес мерзіміне 101,5%.

 

Қаржы

Мемлекеттік бюджетке 992,7 млн.теңге жиналды (болжам 641,3%-ға артық), оның ішінде жергілікті бюджетке – 754,3 млн.теңге (болжам 660,2%-ға артық).

 

 

Кәсіпкерлік

1 654 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 108,7%-ға артық. Оның 1 482-сі жұмыс істеп тұрғаны немесе тіркелгендер санының 104,4%.

 

Еңбек нарығы

        Экономиканың барлық салаларында 1114 жұмыс орны ашылды, бұл
2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18.5%-ға артық.

        Жұмыссыздар саны 992 адамды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,5%-ға артық .

        Кедейлік деңгейінен төмен тұратындар саны – 1 196 адам, 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 20,6%-ға артық.  

        Қаржыландырудың барлық көздерінен 52,3 млн.теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек – 1 196 адамға
42,4 млн.теңге көлемінде.

        Жұмысқа 1240 адам орналастырылды, бұл 2020 жылдың мамыр айының деңгейінен 2,7%-ға артық, ақылы қоғамдық жұмыстарға 650 адам жіберілді.

 

Дипломмен ауылға

2020 жылы 10 маманға жалпы сомасы 41,0 млн.теңге бюджеттік несие,                 17 маманға жалпы сомасы 4,7 млн.теңге көтерме жәрдемақы берілді.

2021 жылы 2 маманға 8,7 млн.теңге бюджеттік несие, 3 маманға                    875,1 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді.

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік желісі құрамына 1 аудандық аурухана, 1 аудандық емхана және 8 дәрігерлік амбулатория кіреді.

2021 жылы туберкулезбен аурушаңдықтың 12 жағдайы тіркелді,                     2020 жылы 5 жағдай, 7 жағдайға өсуі байқалады (100 мың тұрғынға).

Қатерлі ісікпен аурушаңдықтың 24 жағдайы тіркелді (2020 ж. - 14 жағдай), ана өлімі тіркелген жоқ.

 

Білім беру

Ауданда 18 жалпы білім беретін мектеп (6 287 оқушы), 80 оқушыға арналған 4 интернат жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 12 балабақша (1 174 бала), 16 шағын орталық (627 бала),                      4 мектептен тыс мекеме (2 078 бала) және №6 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру түзету кабинеті (58  бала) жұмыс істейді.

 

Мәдениет

Ауданда 35 мәдениет ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде:
24 кітапхана, 1 мұражай, 7 мәдениет үйі және 3 клуб мекемесі.

 Қылмыс

Ауданда 19 қылмыс тіркелді немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 65,5%-ға төмен.

Қызылқоға ауданының 2021 жылғы қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
06 августа 2021