«Құқықтық сауаттылық – заман талабы»

«Құқықтық сауаттылық – заман талабы»

       Құқық бұзушылық – қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Бұл орайда, заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу заман талабы.

      Сонымен қатар, қазір қоғамда өз құқығы мен міндетін білмей, басқаның құқығын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайлар болып жатады. Соған сай, біз қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.

 

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қалиева Расима Жұмабайқызы

«Құқықтық сауаттылық – заман талабы»
Дата публикации
15 июля 2021