Миялы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының
№3 хаттамасы
Миялы ауылы 01.07.2021 жыл
сағат 1000
Жиналыстың өткен орны: ZOOM бағдарламасы арқылы.
Жиналысқа қатынасқан қоғамдастық мүшелерінің саны – 31.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағалығына Миялы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшесі М.Ғұмар және хатшылығына Миялы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшесі Г.Өтеуғалиева ашық дауыспен сайланды.
Мәжіліс төрағасы: Миялы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшесі Мақсым Құмар Қатепұлы.
Мәжіліс хатшысы: Миялы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшесі Өтеуғалиева Гүлмира Сүйеуқызы.
Күн тәртібінде:
1) «Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер енгізу туралы.
2) «Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджетінің шығыстар жоспарына келісу және бекіту.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Миялы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшесі М.Ғұмар жиынды ашып, жүргізіп отырды.
М.Ғұмар: Бүгін біздер Миялы ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысын өткізгелі отырмыз. Жиналысқа ауылымыздың 47 көшесінен сайланған жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысуда. Заң бойынша қоғамдастық мүшелерінің жартысы қатысқан кезде қоғамдастық жиналысы өтті деп есептеледі. Қатысушылар саны сәйкес келуіне байланысты жиналысты бастаймыз.
Құрметті жиналысқа қатысушылар, күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша баяндамашыға сөз кезегін берейін, ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды баяндама жасалғаннан кейін қоюға ұсыныс бар.
Күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша баяндама жасау үшін, Миялы ауылдық округі әкімі Салықов Сәндібек Аманбайұлына сөз беріледі.
Тыңдалды:
Миялы ауылдық округінің әкімі С.Салықов:
Миялы ауылдық округі әкімінің аппаратының төмендегі бағдарламалар бойынша үнемделген қаражаттарды бюджетке кері қайтаруды қажет етеді, оның ішінде тоқталып өтсем:
-124014029-бағдарламасы бойынша су айдау мұнарасын жаңғырту жұмысына бөлінген қаражаттан үнемделген 416,0 мың теңгені;
-124009029- бағдарламасы бойынша Миялы ауылында өндіріс және тұтыну қалдықтарын жоюға арналған объектілер құрылысы үшін қоршау жұмысына бөлінген қаражаттан үнемделген 7 222,0 мың теңгені;
- Миялы ауылының көшелері мен аумағын санитарлық тазалауға бөлінген жетпейтін қаражаттың негізігі келісім-шарттың 015-кіші бағдарламасы арқылы жасалғандықтан қосымша келісімді портал арқылы жасау мүмкін болмағандығы себепті пайдаланылмағандықтан 9 167,0 мың теңгені;
-124011029- бағдарламасы бойынша "Даңқ" саябағына жеңіл жөндеу жұмыстары бойынша үнемделген 380,0 мың теңгені және жыл басында А.Сарбөпе атындағы паркке жөндеу жұмысына деп бөлінген 1000,0 мың теңгені қажеттілік болмауына байланысты, бюджетке кері қайтаруды сұрайды.
Сондай-ақ, аудандық мәслихаттан төмендегіше жұмыстар мен тауарларға қаражаттар бюджеттік өтінім дайындалып, мақұлдауларыңызды сұраймыз. Атап айтсақ, «Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы ауылішілік автокөлік жолын реконструкциялау» ЖСҚ-ын сараптамадан өткізу үшін, 2021 жылға бөлінген 1 867,0 мың теңгеге қосымша 140,0 мың теңге, Қарасу скважинасының №1,2,3 су ұңғымасы мен қазылған ұңғымаларға электр, су құбырларының жер актісін жасау үшін 2021 жылға 3 000,0 мың теңгеге қосымша 2 170,0 мың теңге, Миялы ауылында орналасқан саябақтар мен көшелердегі шамдардың тұтынған тоқ көзіне қаржы төлеу қызметіне 4 000,0 мың теңге, Миялы ауылының автокөлік жолдарына жол таңбаларын салу жұмыстарына 2 160,0 мың теңге, Миялы ауылындағы кіре беріс арканың құрылысын жүргізу 23 507,0 мың теңге, "Даңқ" саябағының аумағына "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрме кешені" алаңын жасақтау үшін 1 149,0 мың теңге, мотопомпалармен суларды далаға төгу жұмыстарын жүргізу үшін және қажетті жабдықтарын алуға 452,0 мың теңге, мекемедегі автокөлікке қосалқы бөлшектер алу үшін 193,0 мың теңге, округ ғимаратына халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қажетті тауарлар алу үшін 73,0 мың теңге және жылжымалы пандус алу үшін 160,0 мың теңге, газ қондырғыларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер үшін 84,0 мың теңге, компьютерлерді, жөндеу, жаңғырту жөніндегі жұмыстар үшін 90,0 мың теңге, құжаттарды жасақтау үшін 1393,0 мың теңге, Миялы ауылы бойынша 2021 жылға тазалық жұмыстарын жүргізу үшін 2021 жылға 6 000,0 мың теңгеге қосымша 9 167,0 мың теңге қаражат жоспарларын бекітуді ұсынамын.
Жиналыс төрағасы М.Ғұмар - күн тәрітібіндегі мәселе бойынша ұсыныстарыңыз болама?
Т.Қазиев - Мемлекет қаржысы мақсатты жұмсалуы керек. Қаражаттың орынды жұмсалғанын қалаймыз. Сондықтан бюджет жобасын мақұлдаймын.
Басқа қоғамдастық мүшелері «Қарсы», «Қалыс» - жоқ.
Қоғамдастық жиналысының мүшелері күн тәртібіндегі 2 мәселені талқылап келісетіндіктерін білдіріп шешім қабылдады.
Бүгінгі жиналыста жергілікті қоғамдастық мүшелерімен айтылған ұсыныс пікірлерді ескере отырып, жергілікті қоғамдастық жиналысы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1) «Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер енгізілсін.
2) Миялы ауылдық округ бюджетінің шығыстар жоспары бекітілсін.
Жиналыс төрағасы М.Ғұмар
Жиналыс хатшысы Г.Өтеуғалиева