Рәмізге құрмет- қастерлі міндет

Рәмізге құрмет- қастерлі міндет

 

Осыдан он төрт жыл бұрын елімізде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» заңы қабылданды. Соған сәйкес жыл сайын 4 маусым «Мемлекеттік рәміздер» күні ретінде аталып өтеді.

 Мемлекеттік рәміз- мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі десек, оны құрметтеу- әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңба- тәуелсіздіктің тірегі, бабалардың асқақ арманының кепілі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.  Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Отаншылдық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады» деген болатын.

Сондықтан, елін, жерін қастерлейтін, өз елінің патриот азаматы мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауы керек.

Тәуелсіз еліміздің ертеңге тұтқасы боларжастардың бойына туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға және жастарға бабаларымыздың аманаты- қасиетті Тәуелсіздікті сақтай білуге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында басқа да көптеген танымдық шаралар қолға алынуда.

Рәміздер- тәуелсіз Қазақстанымыздың жарқын бет бейнесі, біз үшін биік, біз үшін қастерлі.

 

А.Ғазезова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі

Рәмізге құрмет- қастерлі міндет
Дата публикации
24 мая 2021