Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы

 

1992 жылы 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданып, алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.

 Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. 

Округ көлемінде ұрпағымызды Отанын,Рәміздерін сүюге,өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында жылда Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Жангелдин ауылдық округінде іс-шаралар жоспарға сай өткізіліп отырылады. Жангелдин ауылдық округіндегі мекемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы,Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұраны стандарт талаптарына сай алынып, орналастырылған.

Мемлекеттік рәміздер – Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгінгі және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы
Дата публикации
20 мая 2021