Жангелдин округінің жалынды жастары

Жангелдин округінің жалынды жастары

 

Жастар-кез келген мемлекеттің белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған  30 елдің қатарына кіруі жолында  жастардың атқаратын рөлі зор.

Жангелдин округі жастарының ауыз біршілігі, ұйымшылдығы көп округ жастарына үлгі боларлықтай. Округ бойынша ауыл жастарының жасаған қайрымды істерін ауыз толтырып айтуға болады. Елдегі пандемия кезіндеде ауыл жастарының ауылдағы жағдайы төмен, аз қамтылған, жалғызбасты тұрғындарға өз көмектерін аяған емес. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл жастары «Әр жұмада бір жақсылық!» атты ұранмен 23 қайрымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция кезінде ауылдағы жағдайы төмен, аз қамтылған, жалғызбасты тұрғындарға азық-түлік және ақшалай көмек көрсетті. Округ бойынша жастармен мәдени, спорттық шараларда өз мәнінде өткізіледі. Жыл сайынғы тазалық айлықтары кезінде де «Өз өлкемізді таза ұстайық!», «Таза жағалау» секілді тазалық акцияларына белсенді түрде атсалысады. Жыл сайын округ жастарына салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл спортының деңгейін көтеру мақсатында шағын футболдан ауыл ішілік ашық лига өткізіледі. 2020 жылы жастар тәжірибесі бойынша 8 жас жұмысқа тартылды. Жалпы 2020 жылы ауыл жастарының араласуымен 23 қайрымдылық шара өткізіліп, 57 отбасыға көмек көрсетті. Жыл ішінде ауыл жастарымен 34 шара өткізілді.

Бірлігі жарасқан, ұйымшыл округ жастарына айтарымыз қанаттарыңыз талмасын, аларасауларыңыз көп болсын!

Жангелдин округінің жалынды жастары
Дата публикации
20 мая 2021