Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел!
Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқандығы ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізері анық. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе – бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Әрине, сыбайлас жемқорлық мәселесін бірден шешпейтініміз анық. Десекте, тоқтап қалуға да болмайды. Мақсатқа жету жолында адамдық қасиетімізді сақтап, адал қызмет етуіміз қажет. Сыбайлас жемқорлықсыз ел- өркендеуші ел!
Б.Қасымова, Мұқыр ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы