Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркеу туралы түсінік

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркеу туралы түсінік

 

          Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін өтініш  Халыққа қызмет көрсету орталықтары, жергілікті атқарушы органдар және «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы баламалы негіздерде қабылданады.

Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік даулар мен өзге де талаптары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш береді.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініште ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өздерінің өзара келісімін және кәмелетке толмаған балалардың жоқтығын растайды. Деректер сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасындағы ерлі-зайыптылардың қолдарымен расталады.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді.

Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледі. Айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғысы келетін ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін белгіленген күні жеке басын куәландыратын құжатпен тіркеуші органға келуі қажет. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлға деректерді АХАЖ АЖ-не өтініш берілген күннен бастап 1 (бір) ай өткеннен кейін ерлі-зайыптылардың екеуінің қатысуымен енгізеді.

Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, олар тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтадан айлық мерзімді тағайындайды.

Егер арыз берілген кезде ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары, олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылатын мүлікті бөлу туралы, еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайына асырауды төлеу туралы дау және ерлі-зайыптылар бір-біріне өзге де талаптар болса некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін сотқа жүгінеді.

Егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің әрекеттерімен не әрекетсіздігімен қарсылығының болмауына қарамастан, тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса (тиісті өтініш беруден бас тартса немесе оны тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін келгісі келмесе және бұл ретте некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы өтініш жасамаса) некені бұзу сот тәртібімен жүргізіледі.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін жұбайы келмеген кезде тіркеуші орган сотқа ұсыну үшін анықтама береді.

Жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің, қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш береді.

 Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде 2019 жылғы 10 желтоқсаннан кейін шығарылған (Кодекске өзгерістер енгізілген күні) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасы тіркелмейді, неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасына (егер ол автомоттық түрде қойылмаса) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қойылады.

Егер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында некені (ерлі-зайыпты болу) бұзу туралы белгі болса, онда неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәліктер берілмейді.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруы қажет.

 

С.Жұбаева, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және  азаматтық      хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы                                         

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркеу туралы түсінік
Дата публикации
02 июля 2021