Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет.

         

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сай 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

          Бірінші қызмет түрі "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы".         Бұл қызмет бойынша  2021 жыл басынан шілде айына дейін 156 өтініштер түсіп, оның 97 өтініші қанағаттандырылып, қалған 59 өтініштер дәлелді себептермен бас тартылды. Қызмет көрсету мерзімі – 15 күн.

Қазіргі уақытта аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 392 отбасы тіркелген. Оның ішінде «Көп балалы отбасы» - 110, «Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары» -158, «Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты – 31, «Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар» санаты – 23, «Мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері» санаты – 70.

2021 жылы «жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар санатымен кезекте тұрған 1 отбасыға жалдамалы тұрғын үй және қажетті 2 маманға қызметтік тұрғын үйлер берілді.

Екінші көрсетілетін қызмет түрі "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 3 өтініш  қағаздай түсіп, қанағаттандырылды. Қызмет көрсету мерзімі- 30 күн.

Үшінші қызмет түрі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына сай,  "Тұрғын үй сертификаттарын беру" қызметі.

Бұл қызмет ауданда 2020 жылдан бастап көрсетілуде. Қызмет көрсету нысаны қағаздай көрсетіледі, мерзімі өтініш қабылданған күннен бастап 3 күн.

Бұл сертификат «Отбасы банкі» арқылы жүргізілетін «Бақытты отбасы» бағдарламасынан өтінімдері қолдау тапқан жағдайда сатып алатын тұрғын үйдің  алғашқы жарнасын төлеу үшін беріледі. Аудан бойынша қазіргі таңда 14 тұрғын үй сертификатына қаржы бөлінген. Еске сала кетсек бұл бағдарламаға тек көп балалы, толық емес отбасы, мүгедек бала бағушы отбасы санатымен тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтар қатыса алады. Сондай-ақ бұл сертификатты «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы тұрғын үй алған жоғарыда аталған санаттарға ғана беріледі. 2021 жылға сертификат алуға өтініш тіркелмеді.

Сондай-ақ, Аудандық сервистік әкімдікте жұмыс күндері бөлім бойынша 2021 жыл басынан бері 156 қызмет көрсетіліп, 233 адамға кеңес берілді.

 

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

 жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары

және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің

бас маманы Гүлжиһан Дүзғалиева

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет.
Дата публикации
01 июля 2021