Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Бекітемін

Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы  Е.Иғали

 

________________________

1  шілде 2021 жыл

 

Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық  қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Миялы ауылы                                                                                        1.07.2021 ж

 

  1. Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың объектісі.

 Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

  1. Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының 2021 жылғы 13 ақпандағы №13 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді.

Жұмыс тобының басшысы:

Иғали Ерболат- бөлім басшысы.

Жұмыс тобының мүшелері:

Г.Дүзғалиева -бас маман.

Е.Құмаров - бас маман.

Ә.Нұрадинова – есепші.

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді.

1) Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.

2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау объектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.

3) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

4)  Мемлекеттік сатып алу веб порталы туралы.

5) Прокурорлық қадағалау актiлерi, сот актілері.

6) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша.

7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы және онлайн есеп беру, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар;

  1. Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.

Бөлім бойынша басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасының      2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы бойынша. нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасалып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар қаупін туғызатын нормалар мен өкілеттіктер  анықталған жоқ.

  1. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау объектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.

Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылады. Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны - 4, штаттан тыс  қызметшілер саны - 4 (есепші, көлік жүргізушісі, шаруашылық меңгерушісі, хатшы) барлығы 8 қызметкер жұмыс жасайды.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі. Кадрлар қозғалысы 3 бірлік. Бөлімнің бас маманы В.Жумалиева 2021 жылдың 28 сәуірінен бастап 31 тамызға дейін жүкітілгіне және босануына байланысты демалысқа шықты. Бөлімнің шаруашылық меңгерушісі И.Сисембаева 2021 жылдың 14 маусымынан бастап бала күтіміне байланысты демалысқа шықты. 2021 жылдың 23 маусымынан бастап А.Орынбасар бөлімнің шаруашылық меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы болып қызметке қабылданды.  

2021 жылдың 19 ақпанында №28 қаулымен бөлімнің атауы «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» болып өзгертілді. Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.

2021 жылдың қаңтар – маусым айларының қорытындысы бойынша барлығы   65 бұйрық қабылданды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі, қатаң сақтауы қадағаланып отырады. Қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметшілерге бейәдеп қылықтар танытпау және әлеуметтік желі аккаунттарына жарияламау жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, бөлім ішкі жұмыс барын тысқа жарияламау, құпиялықты сақтау шаралары түсіндірілді.

          Бөлімнің атқарылып жатырған жұмыстарына тоқталсақ, қазіргі таңда  «Жамансор елді мекеніне кірме және ауылішілік жолдарын (6,1 км) қайта жаңғырту» (мердігер мекеме «S.Alem construction» ЖШС-і), «Мұқыр (4,7 км) және Сағыз (6,8 км) ауылының ауылішілік және кірме жолдарды қайта жаңғырту»  (мердігер мекеме «ГСК РиМ» ЖШС-і), «Сағыз ауылының (3 ауыл) кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту (6,8 км)» (мердігер мекеме, «Айдана-ИК» ЖШС-і), «Миялы ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу (11,079 км)» (мердігер мекеме «Атырау көлік» ЖШС-і) жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.   

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Аудандық полиция бөлімінің  2020-2021 жылдары жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында жасақталған 9 ұйғарымдарына сай ауданға бағынысты Жангелдин, Жасқайрат, Көздіғара, Тасшағыл, Қаракөл және Қарабау ауылдарына 2021 жылға жергілікті бюджеттен қажетті қаражат қаралып, жол белгілерін сатып алу және орнату жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде «South Damu» ЖШС-гі жеңімпаз ретінде танылып, жол белгілерін орнатып жұмыстарын аяқтады. Тиісті қаржысы толығымен игерілді.

Электрмен қамту бағытында Сағыз ауылы 1-2 ауылдарының электр жүйелерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақтау, Сағыз ауылының электр жүйелерінің құрылысы (28,7 км) 9КТП Трансформатор ауыстыру), Миялы ауылындағы коммуналдық меншіктегі электр желілерін күтіп ұстау, Миялы ауылындағы коммуналдық меншіктегі электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына тоқталсақ, 10 ауылдық округ пен 3 мекемеге қажетті тауарлар алу үшін облыстық бюджеттен 27 370,8 мың теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, Президент тапсырмасына сай көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасына көшуіне байланысты түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 27 мамыры Миялы және 21 маусым күні Сағыз ауылындағы көппәтерлі тұрғын үй иелерімен жиналыс өткізілді.

          3.Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардан өтініштері.

          Есепті кезеңде бөлімге заңды тұлғалардан 4 өтініш тіркеліп, мерзімінде түсіндірме жауаптары берілді. Арыз шағым есебі аудан әкімі аппаратына уақытында тапсырылуда. Бөлімде сенім телефоны жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі орнатылған.

          4.Мемлекеттік сатып алу веб порталы туралы

          Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден алу тәсілдері, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар Қазақстан Республикасының біріңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізілді. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында тәртіптік жауапкершілікке әкелетін заң бұзушылықтар орын алмады. Сонымен қатар бюджеттік өзгерістер болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жетілдіру және күшейту мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасына» ақпараттар уақытылы салынды.

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Есепті мерзімде Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы                          75 келісім шарт жасақталды. Порталда заң бұзушылықтар орын алған жоқ.

5.Прокурорлық , сот актілері.

Есепті кезеңде прокурорлық қадағалау актілері орын алған жоқ.

2021 жылы 26 шілдесінде «Midas distrubition» ЖШС-н 27.10.2020 жыл №44 келісім шартқа сай тиісті жұмысын атқармағаны үшін жосықсыз деп тану туралы талап арызға сай сот отырысы өтеді.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша.

Қазіргі таңда бөлімде 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Бөлім бойынша бірінші қызмет түрі "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 72 өтініш түскен. Оның 42 – қанағаттандырылған. Қалған 30 өтініш дәлелді себептермен бас тартылған.

Екінші көрсетілетін қызмет түрі "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініш түспеді.

Үшінші қызмет түрі - "Тұрғын үй сертификаттарын беру". Бұл қызмет түрі 2020 жылдан бастап көрсетілуде. Электронды Үкімет порталында қызмет алу мүмкіндігі жоқ. 2021 жылға өтініш түспеді.

Төртінші қызмет түрі – «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне өтініш түскен жоқ.

Бесінші қызмет түрі -  «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру». Бұл қызметке 1 өтініш түсіп, дәлелді себептермен кері қайтарылды.           Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімінен кешіктірілген құжаттар болған жоқ.

2021 жылдың 2 тоқсаны бойынша аудан әкімдігі жанынан құрылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру комиссиясының 1 отырысы өтіп, 1 көп балалы отбасыға сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй және 1 қызметкерге  қызметтік пәтер берілді.

Қызылқоға ауданының сервистік әкімдігінде бөлім бойынша сәуір-маусым айларында 72 қызмет көрсетіліп, 121 адамға кеңес берілді.

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы және онлайн есеп беру, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар.

Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына 2021 жылға бекітілген құқық бұзушылық профилактикасының Медиа-жоспарына сай 3 маусым күні №22(7226) санымен «Қызылқоға» аудандық газетіне «Жол қауіпсіздігі басты назарда» және 10 маусым күні №23(7227) санында «Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару» атты мақалалар жарияланды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау және бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жөнінде халыққа түсіндіру мақсатында 2021 жылдың 29 сәуірінде және 26 мамырында онлайн форматта тікелей эфир арқылы жәрмеңке өткізілді.

Бөлімнің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне қажетті ақпараттар және атқарылып ждатырған жұмыстар туралы ақпараттар мерзімінде салынып отырады.

«Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне қауіп туғызатын нормалар мен өкілеттіктер анықталмады.   

 

 

Бөлім басшысы:                                                                                                Е.Иғали

 

Бас маман:                                                                                                 Г.Дүзғалиева                                                          

 

Бас маман:                                                                                                            Е.Құмаров

 

Есепші:                                                                                                     Ә.Нұрадинова

Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
03 июля 2021