Жол қауіпсіздігі басты назарда

Жол қауіпсіздігі басты назарда

Аудан бойынша жалпы ұзындығы 734,6 км автокөлік жолдары тіркелген. Оның ішінде 138 км республикалық, 244,5 км облыстық, ауыл ішілік жолдар - 156,5 және кірме жолдар - 148,9 жергілікті маңыздағы автокөлік жолдары бар. Жақсы күйдегі автомобиль жолдарының үлесі-52,6% құрайды.   

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Аудандық полиция бөлімінің  2020-2021 жылдары жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында жасақталған 9 ұйғарымдарына сай ауданға бағынысты Жангелдин, Жасқайрат, Көздіғара, Тасшағыл, Қаракөл және Қарабау ауылдарына 2021 жылға жергілікті бюджеттен қажетті қаражат қаралып, жол белгілерін сатып алу және орнату жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде «South Damu» ЖШС-гі жеңімпаз ретінде танылып, аталған мердігер мекеме мен Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арасында 2021 жылдың 15 сәуірінде №62 санды келісімшарт жасақталып, ағымдағы жылдың мамыр айында орналастыру жұмыстары аяқталады.

2020 жылы әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында  жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатықа Миялы ауылына 3 бейне бақылау камерасы сатып алынып, орнатылды. Сатып алынған бейне бақылау камералары Қызылқоға ауданы сервистік әкімдігінің алдына 1, орталық мешіт жанына 1 және Абай көшесі мен Каримов көшесінің қиылысына 1 данасы орнатылды. Одан бөлек, Сағыз-Миялы тас жолының Миялы ауылына кіре берісте 1 және Миялы-Қарабау бағытындағы тас жолдың Миялы ауылына кіре берісті 1 дана бейне бақылау камерасы орнатылған. Қазіргі таңда, Миялы ауылында барлығы 5 бейне бақылау камерасы орнатылған. 2021 жылға Миялы ауылына 4, Сағыз ауылына 4 бейне бақылау камерасын сатып алу және орналастыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Миялы-Қарабау-Индер бағытындағы тас жолдың бойында орналасқан ауылдар тұсында түнгі уақыттарда өрістен қайтып келе жатырған төрт-түлік жануарларының әсерінен жол көлік оқиғалары жиі орын алуына байланысты, Жангелдин, Жасқайрат және Көздіғара ауылдарының кірме жол бөліктерін жарықтандыруға және Сағыз ауылының жалпы ұзындығы 8,2 км бөлігіне жаяу жүргіншілер жолымен қоса жарықтандыруға жоба жасақталған болатын. Жобаларды қаржыландыру «Ауыл Ел-Бесігі» бағдарламасына ұсынылып, 2021 жылға құрылыс жұмыстарына қаржысы бөлінді. Қазіргі таңда, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Е.Құмаров

Жол қауіпсіздігі басты назарда
Дата публикации
29 июня 2021