Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

 

«Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2021 жылы 21 шілде сағат 11:00-де                    (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.

            Аукционға қатысуға өтінім беру ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатужөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оныңішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.

Аукционға қатысушыларды  тіркеу хабарлама  жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады - 2021 жылы 21 шілде сағат 09:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен), содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

            Аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

            2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

            3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

            4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет. 

            Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының электронды сандық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің  веб-порталында тіркеу қажет.

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекен-жайына өтінімді  қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

            Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді.

Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.

Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап кемінде 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Аукционға  қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:

 Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ,  БСН:050540004455, ТТК:171, БЕК:16.

Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, ЖСК:KZ946017111000000330,  БСК:HSBKKZKX.

Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Назар аударыңыз! Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.

Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

 

Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады:

 

№

Жер учаскесінің мекен-жайы мен орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Сауда-саттық объектісі (құқық түрі)

Жер учаскесінің  алаңы

(га)

Жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер)

Бастапқы баға

 (теңге)

Жер салығының мөлшері жылына (теңге)

Кепілдік жарна мөлшері (теңге)

1

Сағыз ауылы, Қ.Жайлыбаев   к-сі, №19

Машина жөндеу орталығы үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,0900

Жоқ

12528

432

145850

2

Сағыз ауылы, Қ.Жайлыбаев  к-сі, №21

Көп салалы нысан үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,2500

Жоқ

34800

1200

145850

3

Сағыз ауылы, Ә.Бисенов к-сі, №15Б

Көп салалы дүкен  үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,0600

Жоқ

8352

288

145850

4

Сағыз ауылы, Ә.Бисенов к-сі, №13А

Медициналық орталық салу  үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,1500

Жоқ

20880

720

145850

5

Сағыз ауылы, Бірлік ы/а, №2  к-сі, №44

Көп салалы дүкен  үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,0900

Жоқ

12528

432

145850

6

Сағыз ауылы, Бірлік ы/а, №3 к-сі, №44

Көп салалы дүкен  үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,0900

Жоқ

12528

432

145850

7

Сағыз ауылы, Д.Досымбаев    к-сі, №2Д

Кемпинг  үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,7500

Жоқ

104400

3600

145850

8

Сағыз ауылдық округі, №65 разьезд, Атырау-Ақтөбе тас жолының бойынан, №6

Кемпинг және  шайхана үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,2500

Жоқ

33600

1200

145850

9

Сағыз ауылдық округі, №65 разьезд, Атырау-Ақтөбе тас жолының бойынан,  №7

Құс шаруашылығы үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,5000

Жоқ

67200

2400

145850

10

Мұқыр ауылы, №5 ауыл к-сі, №93

Кәсіпкерлік нысан үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,2500

Жоқ

33600

1200

145850

11

Мұқыр ауылы, №5 ауыл к-сі, №94

Асхана  үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,2500

Жоқ

33600

1200

145850

12

Мұқыр ауылы,  №5 ауыл к-сі, №95

Шайхана үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,2500

Жоқ

33600

1200

145850

13

Мұқыр ауылы, №3 ауыл к-сі, №44

Кәсіпкерлік нысан  үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,1600

Жоқ

21504

768

145850

14

Мұқыр ауылы, №3 ауыл к-сі, №46

Кәсіпкерлік нысан үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,1600

Жоқ

21504

768

145850

15

Мұқыр ауылдық округі, Жантерек елді мекені, №69

Газ құю бекеті, көлік және тегершік жөндеу орыны үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,5000

Жоқ

67200

2400

145850

16

Мұқыр ауылдық округі, Жамансор елді мекені, №110

Шайхана және дүкен үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,2400

Жоқ

32256

1152

145850

17

Мұқыр ауылдық округі, Жамансор елді мекені, №105

Шайхана және көлік жөндеу орыны үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,2400

Жоқ

32256

1152

145850

18

Мұқыр ауылдық округі, Жамансор елді мекені, №106

Тірек пункті және тұрғын үй үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,1000

Жоқ

13440

480

145850

19

Мұқыр ауылдық округі, Жамансор елді мекені, №107

Дүкен үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,2400

Жоқ

32256

1152

145850

 

Ұйымдастырушы: «Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Анықтама телефондары: 8 (71238) 2-16-89, 2-15-18.

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
30 июня 2021