Ақпараттық хабарлама
2021 жылғы 28 маусымда Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат Оспан Гумарұлы Ароновтың (өзін-өзі ұсыну тәртібімен) құжаттары ұсынылды.
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімдігіне сайлауға кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Қызылқоға ауданыҚызылқоға ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 26 маусым мен 09 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.