Қызылқоға ауданы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Қызылқоға ауданы ауылдық округі әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 - бабына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге Қызылқоға ауданының:
  • Қызылқоға ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Қызылқоға ауданы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Қызылқоға» газетінде жариялансын.

 

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                  М.Мұқанов   

 

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                                 А.Имашев                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Миялы ауылы,

2021 жылғы 25 маусым

№ 2

Қызылқоға ауданы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
25 июня 2021