Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аудан әкімдігінің 2021-2023 жылдарға арналған аудан бюджетін нақтылау туралы ұсынысын қарап, VІI шақырылған аудандық мәслихат сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №LХІIІ-1 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4864 тіркелген, 2021 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың:
1) тармақшасында:
«8 699 563» деген сандар «8 684 563» деген сандармен ауыстырылсын;
«7 392 764» деген сандар «7 377 764» деген сандармен ауыстырылсын.
2) тармақшасында:
«8 954 592» деген сандар «8 939 592» деген сандармен ауыстырылсын.
- Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (А.Баймуратова) жүктелсін.
- Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.