«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығын белгілеу туралы

 

 

 

 

«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығын белгілеу туралы

 

 

            Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының               31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымшаға сәйкес, «Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қызылқоға ауданы аумағынан жалпы көлемі 41,819 гектар жер учаскесі шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығын 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Тұрдағалиевқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы                                                                                                  Аты-жөні

 

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылқоға ауданы әкімдігінің

«____» _____________ 2021 ж.

№ ____ қаулысына  қосымша

 

 

«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қызылқоға ауданы аумағынан шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығымен берілетін жер учаскелерінің тізімі

 

№

Орналасқан жері

Пайдалану мақсаты

Жалпы көлемі (га)

1

Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы

ІІ көтерілімді су айдау стансасына дейін Электр желісі ӘЖ -10кВ үшін

7,5400

2

Қызылқоға ауданы ,Тайсойған ауылы

Тайсойған-Миялы магистралды су құбыры үшін

23,6890

3

Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы

ІІІ көтерілімді су айдау стансасына дейін Электр желісі ӘЖ -10кВ үшін

10,59

Барлығы:

41,819

 

«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығын белгілеу туралы
Дата публикации
14 мая 2021